Архив событий

07/04/2016

Қылмыстық процестегі электрондық дәлелдемелер

07/04/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында сот судьяларының, республикалық және жергілікті газет, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Қылмыстық процестегі электрондық дәлелдемелер» атты тақырыпта брифинг өткізілді.

Брифинг қатысушылары қылмыстық іс бойынша сараптау тағайындаудың тәртібін және негізін, алып қою тәртібін және электрондық заттай дәлелдемелерді сақтауды, сот ісін жүргізуде техникалық құралдарды қолдануды талқылады. 

Экономикалық сотта дөңгелек үстел өткізілді

07/04/2016

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот судьяларының, Астана қаласының қалалық адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің жеңілдетілген сот ісін жүргізу бөлігіндегі новеллалары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Ата-аналық міндетін орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылық

07/04/2016

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баланың анасына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысы барысында баланың заңды өкілі - анасы, өзінің кәмелетке толмаған ұлдарының тәрбиесімен тиісті түрде айналыспағаны, яғни оларды бірнеше рет үйде қараусыз жалғыз қалдырғаны анықталды.

18.02.2016 жылы ұлдарының бірі Астана қаласының КБО-на орналастырылды, ал екінші ұлы сол күні Дүкенұлы көшесіндегі бір пәтерден табылды.

Қазақстан Республикасының жаңа АПК бойынша татуластыру рәсімдері

07/04/2016

Астана қаласының Есіл аудандық сотында сот төрағасының және судьяларының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен «Қазақстан Республикасының жаңа АПК бойынша татуластыру рәсімдері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның барысында Д.Әбдіғалиев медиация, бітімгершілік келісімі және партисипативтік рәсімдер сияқты, татуластыру рәсімін дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Судья «Қазақстан» ҰТА және «Первый канал Евразия» телеарналарында сұхбат берді

07/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Ш.Жамансариева «Қазақстан» ҰТА және «Первый канал Евразия» телеарналарының журналистеріне «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің жеңілдетілген сот ісін жүргізу бөлігіндегі новеллалары» атты тақырыпта сұхбат берді.

Экономикалық сот шығын сомасын өндіріп алу туралы талап арызды қанағаттандырды

07/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Т» АҚ-ның «К» ЖШС-не қатысты шығын сомасын өндіріп алу туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында экскаватормен жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде Астана қаласындағы телекоммуникация желілерін күзету аумағында байланыс кабелінің бұзылғандығы анықталды, ол Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерін күзету қағидаларының бұзылуы туралы актіге тіркелген.

Есіл аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

07/04/2016

Бүгін Астана қаласының Есіл аудандық сотында сот төрағасының және судьяларының, «Есіл» ауданы әкімдігінің және «Есіл» аудандық прокуратура өкілдерінің қатысуымен «Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің  барысында сот төрағасы Д.Әбдіғалиев азаматтардың сот жүйесіне, сот төрелігінің ашықтығына және анықтылығына деген сенімділік деңгейін арттыруда жаңа технологиялардың маңызды роль атқаратынын атап өтті.

Ата-аналық міндеттерін орындамау әкімшілік айыппұлға әкеліп соғады

07/04/2016

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  кәмелетке толмаған баланың әкесіне қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта кәмелетке толмағанның әкесі ұлының тәрбиесі бойынша өз міндеттерін орындамайтыны, осының салдарынан 2016 жылғы 3 наурызда 13.30 сағат шамасында Астана қаласының Петров көшесінде кәмелетке толмаған баланың шемішкенің қабығын жерге тастағаны анықталды.

Құқық бұзушы сотта құқық бұзу фактісін мойындап, ұлымен әңгімелесу өткізгенін түсіндірді.

Сот Астана қаласы Әкімдігінің қаулысын заңсыз деп тану туралы талап арызды қанағаттандырмады

07/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ф» ЖШС-нің Астана қаласының Әкімдігіне қатысты Астана қаласы әкімдігінің қаулысын жарамсыз деп тану және  қаулыға қосымшалар енгізу жолымен жіберілген бұзушылықтарды мәжбүрлеп жою туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен «А» ЖШС-нің жер телімінің бөлігі мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюға жататыны анықталды.