Архив событий

13/04/2016

Сот залал сомасын өндіріп алу туралы талап арыздан бас тартты

13/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында конкурстық басқарушы «Флагман 21» ЖШС-нің А-ға қатысты залалды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында 2012 жылы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Флагман 21» ЖШС-н банкрот деп танығаны анықталды. Құзіретті органның бұйрығымен конкурстық іс жүргізу қозғалған және конкурстық басқарушы болып А. тағайындалған.

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері

13/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында сот төрағасының және судьяларының, сот кеңсесі меңгерушісінің, Астана қаласы бойынша жеке сот орындаушысының өңірлік палатасы бастығының орынбасары, Астана қаласының прокуратура бөлімінің прокуроры, сот орындаушысының, халыққа құқықтық және заң қызметтерін көрсету бойынша бөлім орынбасарының қатысуымен «Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сот жылжымайтын мүлікті тыйым салудан босату туралы талап арызды қанағаттандырды

13/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «К» АҚ-ның «Д» ЖШС-не және дербес талаптарын жарияламаған «Астана қаласы бойынша Әділет департаменті» ММ-нің дау белгісіндегі  үшінші тұлғаны тартудағы «Х» АҚ-на қатысты мүлікті тыйым салудан босату туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта талапкер мүлікті жауапкер «Д» ЖШС-нен сатып алу-сату шартымен иеленгені анықталды. Көрсетілген мүлікті «Д» ЖШС қабылдап-тапсыру актісімен талапкерге берген.

Судья Г.Убашеваның «Арнайы хабар» бағдарламасындағы сұхбаты

13/04/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотының судьясы Г.Убашева «Арнайы хабар» бағдарламасында «Экстрадициялық қамау. Минск конвенциясы» атты тақырыпта сөз сөйледі.

Сөз сөйлеу барысында судья экстрадициалық қамауды қараудың тәртібі туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сот ісін жүргізуде Минск конвенциясын қолдану туралы айтып өтті.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату туралы талап арыздан бас тартылды

13/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-нің «Центрказэнергомонтаж» АҚ-на қатысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта өткізілген тексеріс қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы жауапкердің анықталған бұзушылықтарды тез арада жою сот шешімі шығарылғанға дейін құрылыс нысанында құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату қажеттігін көрсеткен нұсқама шығарғаны анықталды.

Сот меншік құқығын тану туралы талап арызды қанағаттандырды

13/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қалалық жылжымайтын мүлік» МҚК-ның «Пәтер бюросы» АҚ-на қатысты меншік құқығын тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта «Астана қаласының Қаржы басқармасының» бұйрығы және «Пәтер бюросы» АҚ-ның балансынан «Қалалық жылжымайтын мүлік»             МҚК-ның балансына қабылдау-тапсыру актісі негізінде Астана қаласындағы пәтердің берілгені анықталды. Талапкер сегіз жыл көлемінде коммуналдық қызмет көрсетулерге және мүлікке салық төлеген.

«Сот кабинеті» сервисінде online-сауалнама жүргізілуде

13/04/2016

Қазақстанның сот жүйесінің заманауи дамыуы сот органдары қызметінің айқындылық және ашықтық тетігінің нығайуын көздейді. Сот жүйесінде бағалау тиімділігінің негізгі өлшемдерінің бірі оған сот жүйесіне  халықтың сенім білдіруі болып табылады.

Осыған байланысты, «Сот кабинеті» сервисінде электронды сервисті пайдаланушыларға сот төрелігін жүзеге асыру және сот қызметін ұйымдастыру сапасымен қанағаттандыру деңгейін анықтау белгісіне online-сауалнама жүргізілуде.