Архив событий

18/04/2016

Сот жер телімінен мәжбүрлеп шығару туралы шешім шығарды

18/04/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында Астана қаласы әкімдігінің азамат Б-ға қатысты өтемақы төлей отырып мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінен мәжбүрлеп шығару туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта жауапкерден алынып қойылатын жер телімінің бөліг мемлекет мұқтажы үшін алынып қойылатын жер телімінің шекарасында жатқаны анықталды.

Ювеналдық сотының ұжымы судья И.И. Кернді мерейтойымен құттықтады

18/04/2016

Бүгін Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы  сот төрайымы Н.Р. Раззактың басшылығымен судья  Керн Ивана Ивановичті 63-жылдық мерейтойымен құттықтауы болып өтті.

Мерейтой иесін, сонымен қатар оның бірінші тәлімгері, отставкадағы судья Цой Лидия Петровна құттықтады.

Сот төрайымы Н.Р. Раззак  И.И. Кернге судья лауазымындағы үздіксіз қызметі үшін алғыс білдіре отырып, оған мықты денсаулық, отбасына береке, бейбіт өмір және бақыт тіледі.  

Азаматтық процесте дауларды реттеудің парсипативтік рәсімі

18/04/2016

Бүгін Астана қаласы Есіл аудандық сотында «Азаматтық процесте дауларды реттеудің парсипативтік рәсімі» тақырыбында төрағаның, судьялардың, кәсіби медиаторлардың, жеке және заңды тұлғалардың қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді өткізу барысында, сот төрағасы Д. Әбдуғалиев жаңа ҚР АПК қабылданған соң, адвокаттардың қатысуларымен тараптардың татуласуларына жаңа тәсіл – парсипативтік рәсімнің енгізілгенін атап өтті.

Сот көлік құралдарын жүргізу құқығын тоқтату туралы шешім шығарды

18/04/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында Астана қаласының ІІД-нің аз. С-ға қатысты көлік құралдарын жүргізу құқығын тоқтату туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта 11.01.2011 ж. аз. С-ға «В» санатындағы жүргізуші куәлігінің берілгені, алайда ДКК-нің қорытындысына сәйкес аз. С-ның: «апиын (героин)  пайдалану салдарынан психикалық және мінез-құлық ауытқулары бар. Тәуелділік синдромы» диагнозымен диспансерлік есепте тұратыны анықталды.

Сот жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тану туралы талап арыздан бас тартты

18/04/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында аз. Ж-ның Астана қаласы Сарыарқа ауданының мүлікті жария ету жүргізу бойынша комиссиясына, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының төтенше жағдайлар басқармасы» РММ-не қатысты жылжымайтын мүліктің меншік құқығын тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Алдын ала сөз байласу бойынша тонау қылмысының жазасы

18/04/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігіне, 191-бабының 2-бөлігінің 1,3- -тармақшалары бойынша  айыпталушылар Г.,Ж.,Д.,Ө-ге.  қатысты қылмыстық істі қарады. 

Сот, 2015 жылғы 27 желтоқсанында сотталушылар анықталмаған «Н»-мен өзара алдын ала сөз байласу арқылы Астана қаласындағы «А» дүкеніне ашық түрде бөтеннің мүлкін жымқыру үшін келгенін анықтады.

Сот тұтынылған электр және жылу қуаты үшін берешекті өндіріп алу туралы талап арызды қанағаттандырды

18/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің, «Астана-РЭК» АҚ-ның дау белгісіне өз еркімен талаптар қоймаған үшінші тұлғаны тарта отырып «Б» ЖШС-не қатысты берешек сомасын және сот шығындарын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. 

Сотта талапкер мен жауапкер арасында электр жабдықтау шарты жасалғаны, оған сәйкес электрмен жабдықтаушы мекеме тұтынушыға жіберетіні, ал тұтынушы оған жіберілген электр және жылу қуатын қабылдайтыны және төлем жасайтыны анықталды.

Сот мемлекет мұқтажы үшін жер телімінен мәжбүрлеп шығару туралы талап арызды қанағаттандырды

18/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» ММ тұлғасындағы «С» ЖШС-не қатысты өтемақы төлей отырып мемлекет мұқтажы үшін жер телімінен мәжбүрлеп шығару, жер телімін босатуды міндеттеу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында алып қойылатын жер телімі мемлекет мұқтажы үшін жүргізілетіні, онда коммерциялық мақсаттағы нысандар құрылысын жүргізу көзделмейтіні анықталды.

Заңсыз иеленген мемлекеттік жер телімін босату

18/04/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында Астана қаласы әкімдігінің аз. Г-ға қатысты мемлекет меншігі болып табылатын, заңсыз иеленген жер телімін мәжбүрлеп босату туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта жауапкердің жер телімін құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттарынсыз құрылыс жүргізу жолымен заңсыз иеленгені анықталды.

Жер телімін өз бетімен басып алуы бойынша анықталған бұзушылықтарды жауапкер жоймаған, осыған байланысты сот жауапкерге заңсыз иеленген жер телімін босатуды міндеттеді.

Азаматтық істі шешу барысында медиацияны қолдану

18/04/2016

Астана қаласы Алматы ауданының соты Р-ның  П-ға қатысты талап арызы бойынша азаматтық ісін қарады.

Сот талқылауы барысында тараптар сот медиациясы тәртібінде дауды реттеу туралы медиативтік келісім ұсынды, оның шарттары бойынша жауапкер П. пәтерді босатуға міндеттеледі.

Сот ұйғарымымен, медиация тәртібінде дауды реттеу туралы медиативтік келісім бекітілуіне байланысты, іс бойынша сот өндірісі тоқтатылды.

 

Ірі мөлшерде жасалған бөтеннің мүлкін ұрлау

18/04/2016

Астана қаласы Алматы ауданының соты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (ұрлық, ірi мөлшерде жасалған бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша айыпталушы М-ға қатысты қылмыстық істі қарады

Сот, 2016 жылғы 20 қаңтарда М.  Д-ға тиесілі гараж үй-жайына басып кіріп, жалпы сомасы 1 929 105 теңге болатын мүлікті ұрлап кеткенін анықтады.

Сот отырысының барысында, тараптардың татуласқандары және жәбірленуші Д-ға материалдық залал толық өтелгені анықталды.