Архив событий

12/04/2016

Сот салық органының хабарламасын жарамсыз деп тану туралы талап арыздан бас тартты

12/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «С» ЖШС-нің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-не қатысты хабарландыруды жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот жер телімін мәжбүрлеп алу туралы талап арызды қанағаттандырды

12/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» ММ-нің тұлғасындағы «С» ЖШС-не қатысты ақшалай өтемақы төлей отырып мемлекет мұқтажы үшін жер телімін мәжбүрлеп алу, жер телімін босатуды міндеттеу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сарыарқа аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

12/04/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында сот төрағасының және судьяларының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен «Сот жүйесінде жаңа технологияларды тәжірибелік қолдану» атты тақырыпта семинар сабақ өткізілді.

Сот төрағасы жаңа технологияның ыңғайлылығын және артықшылықтарын айтып өтті.

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі туралы іс бойынша ұсталған күдіктілерді қамауға алу мерзімі ұзартылды

12/04/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты медициналық университеттің студенті Е.Әубакіровтың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктілерді қамауда ұстау мерзімін 3 айға созды.

Еске салсақ, күдіктілер А.Мейрбаев, Н.Әжімбай, А.Тихоненко, В.Шерстенев ҚР ҚК-нің 99 бабының 2-бөлігінің 7 тармағында (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпталуда.

Сот сот орындаушысының ұсынысын қанағаттандырудан бас тартты

12/04/2016

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында О-ға қатысты арнаулы жүргізуші құқығына уақытша тыйым салу туралы Астана қаласының атқарушы органының жеке сот орындаушысының ұсынысы қаралды.

Сотта жеке сот орындаушысында аз. О-дан аз. С-ның пайдасына алимент өндіріп алу туралы атқару парағы болғаны анықталды. Борышкер кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағу үшін ай сайын алимент төлей отырып, сот шешімін ерікті түрде орындауда.

Сот алимент төлеу туралы медиативтік келісімді бекітті

12/04/2016

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында аз. Б-ның аз П-ға қатысты алимент өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Алдын ала сот отырысы барысында тараптар өзара келісімге келді және медиативтік келісімді бекітуді өтінді, оның талаптары бойынша аз. П кәмелетке толмаған ұлын күтіп-бағу үшін 14 АЕК мөлшеріндегі ай сайынғы алиментті төлеуге міндеттенді.

Кәмелетке толмағанға темекі өнімін сатқаны үшін әкімшілік жаза

12/04/2016

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚтК-нің 133-бабының 1-бөлігі бойынша дүкен сатушысына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта 2016 жылғы 20 ақпанда «Айсұлтан» дүкенінің сатушысы темекі өнімін нақты айтқанда «Парламент» темекі қорабын 18 жасқа кәмелетке толмаған балаға сатқаны анықталды.

Сот материалдық шығынды өндіріп алу туралы талап арызды қанағаттандырды

12/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «А» ЖШС-нің «Р» ЖШС-не қатысты материалдық залал сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта «А» ЖШС және «Р» ЖШС-нің арасында 2014 жылғы мамырда жеткізу шарты жасалғаны, оған сәйкес жауапкер жиһазды дайындау бойынша шартқа қол қойылған және бастапқы төлем түскен күннен бастап  90 жұмыс күні ішінде әзірлеу бойынша міндеттемелерді қабылдағаны анықталды.

Пара алғаны үшін қылмыстық жауаптылық

12/04/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша айыпталушы М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін айтарлықтай мөлшерде пара алу).

Сотта, М. «Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ-нің автокөлік құралын бақылау бөлімінің бас маманы бола отырып, заңсыз баю мақсатында У-дан оның жүк көлігін «Кызылжар» көліктік бақылау бекетінен кедергісіз өту және қарау жүргізбегені үшін пара алғаны анықталды.