Архив событий

23/04/2016

Судьялар арасында жүгірістен жарыс өтті

23/04/2016

2016 жылғы 23 сәуірде «Астана» Орталық саябағында салауатты өмір салтын насихаттау және корпоративтік мәдениетті нығайту  мақсатында жеңіл атлетикадан жарыс өтті.

Іс-шараға Астана қаласы сотының төрағасы  Т.Бәрпібаев Астана қаласы Судьялар одағының төрағасы және аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Іс-шара аяқталғаннан кейін жарыс жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.

Сарыарқа аудандық сотында сенбілік өткізілді

23/04/2016

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында қала бойынша екі айлық көгалдандыру және көріктендіру аясында, сот жүйесінің санитарлық нысандарының жай-күйін сақтау мақсатында сенбілік өткізілді.

Ұжымның барлық мүшесі бұл күні сот ғимаратының аумағын тазартты, темір қоршауларды сырлады, ағаштарды әктеп арнайы бөлінген жерлерге жас ағашатар отырғызды.

Жалпы сенбілік жақсы көңіл-күймен және жоғары деңгейде өтті.

Астана қаласы соттарында сенбілік өтті

23/04/2016

Бүгін Астана қаласының барлық соттарында судьялар мен сот мамандарының қатысуларымен аумақты абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша сенбілік өткізілді.

Қолдарына құрал-сайман алған сот қызметкерлері сот ғиамаратының аумағында, әрі ішінде тазалық жұмыстарын жүргізіп, сырттағы ағаштар мен жол бойларын әктеді.

Іс-шара достық және ынтымақтастық ортада өтті. 

Алматы аудандық сотында сенбілік өткізілді

23/04/2016

Астана қаласының Алматы аудандық соты сот судьялары мен мамандардың қатысуларымен жалпы қалалық сенбілік өткізді.

Қолдарына күрек, тырнауыш, қолғап алып сот қызметкерлері Астана қаласы аумағында Астана қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, 58 түп ағаш отырғызды.

Сенбілік «Қаланы тазартайық және көркейтейік» деген ұранмен өткізілді.