Архив событий

01/04/2016

Ювеналдық соттың төрағасы Жоғарғы соттың жалпы отырысына қатысты

01/04/2016

Бүгін Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Н.Р.Раззак Жоғарғы соттың жалпы отырысына қатысты.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың төрағасы, Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағалары және судьялар, ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, Конституциялық Кеңес, Бас прокуратура, Әділет министрлігі және Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысты.

Судья Астана қаласының Ішкі істер департаменті өткізген дөңгелек үстелге қатысты

01/04/2016

2016 жылғы 1 сәуірде Алматы ауданы № 2 аудандық сотының судьясы А.Рамазанова Астана қаласының Ішкі істер департаментіндегі «Банктік мәліметтерді алу мәселелері бойынша қылмыстық процестік заңнамаcsның өзгерістерін тәжірибелік іске асырудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары банктік мәліметтер алуға байланысты өзекті мәселелерді, сондай-ақ соттың құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылын талқылады.

Іс-шараның соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Сарыарқа аудандық сотының судьясы радиодан сөз сөйледі

01/04/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының судьясы К.Әріпов «Астана радиосынан»: «Қазақстандағы алимент: талап ету тәртібі және қажетті ресімдер» атты тақырыпта мемлекеттік тілде сөз сөйледі.

Судья К.Әріпов азаматтық заңнамада көзделген азаматтық құқықты қорғау әдістерін атап өтті.

Сот жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап арызды қанағаттандырды

01/04/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Астана қаласы Әкімдігінің қарамағындағы «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» ММ-нің  «Б» ЖШС-не қатысты төлемақы төлей отырып, мемлекет мүддесі үшін жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.