Архив событий

09/04/2016

Жеңіл атлетикалық кросс бойынша судьялар арасында жарыс өтті

09/04/2016

Бүгін «Астана» Орталық саябағында салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық мәдениетті нығайту мақсаттарында аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары араларында  жеңіл атлетикалық кросс бойынша жарыс өткізілді.

Іс-шараны Астана қаласы Судьялар одағының төрағасы Д. Әбдуғалиев аша отырып, қатысушыларға жеңіс пен жетістік тіледі.   

Судьялар арасындағы жылдамдыққа жүгіруі 2 км қашықтықта өтті.

Астана қаласы соттарында сенбілік өтті

09/04/2016

Бүгін Астана қаласының барлық соттарында судьялар мен сот мамандарының қатысуларымен сенбілік өткізілді.

Қолдарына құрал-сайман алған сот қызметкерлері сот ғиамаратының аумағында, әрі ғимараттың ішінде тазалық жұмыстарын жүргізіп, сырттағы ағаштар мен жол бойларын әктеді.

Іс-шара аймақты көгалдандыруға және тазартуға бағытталған  экологиялық айлық аясында өтті.