Ата-аналық міндетін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баланың анасына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта кәмелетке толмаған баланың анасы ұлының тәрбиесі және оқуы бойынша өз міндеттерін орындамағаны, осының салдарынан кәмелетке толмаған бала 2015 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы наурызға дейін себепсіз сабақтан қалғаны анықталды.

Сот қаулысымен кәмелетке толмаған баланың анасы Қазақстан Республикасы ӘҚтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және 7 АЕК мөлшеріндегі әкімшілік айыппұлға тартылды, Қазақстан Республикасының ӘКтК-нің 819-бабының 2-бөлігіне сәйкес айыппұл сомасы 30 пайызға қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі