Архив событий

08/09/2022

Қаржы пирамидасын құрғаны және оған басшылық еткені үшін бір топ адам сотталды

08/09/2022

Нұр-Сұлтан қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі қаулысымен ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2) тармағы  және 214-бөлігі 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша, тиісінше 7 жыл мерзімге коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 және 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған С. және Б - ға қатысты Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы №2 аудандық сотының 2022 жылғы 5 шілдедегі № 2 үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Кінәлі адамды  өлтіріп, мәйітін құдыққа тыққан

08/09/2022

2022 жылғы 18 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М-ны өлтіру фактісі бойынша К-ға қатысты айыптау үкімін шығарды және оған 13 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалды (ҚК 99-бабы 1-бөлігі). Сондай-ақ қылмыстардың қауіпті қайталануы танылды, өйткені К. бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған.

Сот анықтағандай, 01.11.2021 ж. К.  М-мен алкогольдік ішімдіктерді ішіп, жанжал кезінде оның басына құрылыс балғасымен бірнеше рет соққы жасаған, содан кейін мәйітті құдыққа тастаған.

Ер адам кісі өлтіргені үшін сотталды

08/09/2022

Сотта анықталғандай, азамат Р. жанжал кезінде С-ның жүрек тұсына  пышақ салған, одан жәбірленуші есін жимастан қайтыс болған.

Айыптау үкімін 27 шілдеде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот шығарды (ҚК-нің  99-бабының 1-бөлігі).

Апелляциялық шағымда сотталған адам қылмыс жасауға қатысы жоқ екеніне сілтеме жасай отырып, үкімнің күшін жоюды сұрады.

Алайда Нұр-Сұлтан қ. ЖП ЖБО сыртқы бейнекамерасының бейнежазбаларын қарау кезінде пәтерде Р. және С-дан басқа бөгде адамдардың болмағаны анықталды.

Сот борышкерден ортақ мүлікті басқаруға және ұстауға арналған шығыстарды өндіріп алды

08/09/2022

Мүлік иелерінің бірлестігі (бұдан әрі - МИБ) берешекті өндіріп алу туралы «М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - ЖШС) талап қойып, сотқа жүгінді.

Бірінші сатыдағы сот қойылған талапты қанағаттандырды.

Жауапкерден талап қоюшының пайдасына кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар бойынша  1,7 млн. теңге сомасында берешек өндіріліп алынды.

Сот үлескердің құқығын қалпына келтірді

08/09/2022

Апелляциялық сатыдағы сот ағымдағы жылғы 7 қыркүйекте үлескер М-ның құқығын қалпына келтірді, ол көп балалы-жалғыз басты ана болып табылады, асырап алған балаларды тәрбиелеуде, пәтерге аса мұқтаж, оған 2016 жылдан бастап төлем жасаған  және күтіп отыр.

Істің мән-жайлары

2016 жылғы 29 маусымда «А.» ЖШС мен М-ның арасында көппәтерлі тұрғын үй кешеніндегі бір бөлмелі пәтерді сатып алу-сатудың алдын ала шарты жасалды.

Шарт бойынша пәтердің құны 6,6 млн. теңгені құрады.

ТК құрылысының аяқталу мерзімі 2016 жылдың 3 тоқсанында аяқталған.

Сот алаяқтық фактісі бойынша үкім шығарды

08/09/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты А-ға қатысты айыптау үкімін шығарды, ол бірнеше рет алаяқтық жолмен бірқатар жәбірленушілердің қаражатын ұрлады.

Сот анықтады:

А. Нұр-Сұлтан қаласында Хостелде тұрып, онымен көршілес тұрған адамдармен танысып, олардың сеніміне кіріп, құжаттарына қол жеткізген.

Елорда тұрғындары ғибадатханадан қайырымдылық ұрлағаны үшін сотталды

08/09/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша И. мен Ш-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Соттың анықтағаны:

И. мен Ш. алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында, 2021 жылғы 18 қарашада шамамен түнгі сағат үште, торды жұлу және терезені сындыру арқылы «Астана қаласының Серафим шіркеуі, Астана және Алматы Епархиясының приходы» ЖСДБ шіркеуіне заңсыз кіріп, садақа жинауға арналған жәшіктерден және шіркеу дүкенінен 170 мың теңге ақшалай қаражатты жасырын ұрлап кеткен.

Түнгі клуб алкоголь өнімдерін сатқаны үшін лицензиядан айырылды

08/09/2022

2022 жылғы 8 тамызда «A» түнгі клубта 21 жасқа толмаған адамдарға алкоголь өнімдерін сатқан. Аталған түнгі клубта «A» ЖШС қызметін жүзеге асырады.

«A» ЖШС-ның директоры К. алкоголь өнімін сотта сату фактісін мойындады.

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 4-бөлігінің 1) тармағына сәйкес алкоголь өнімін 21 жасқа дейінгі адамдарға бөлшек саудада өткізуге тыйым салынады.

Алаяқ танысының атына несие ресімдегені үшін сотталды

08/09/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты алаяқтық фактісі бойынша Т-ға қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау үкімін шығарды.

Сот нені анықтады

2020 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында «Т» өзінің танысының паспорттық деректерін пайдалана отырып, ақша қаражатын жымқыру мақсатында бірнеше рет оның келісімінсіз микроқаржы ұйымдарында түрлі сомаларға ақшалай қарыздар ресімдеген.

Көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны үшін жауаптылық

08/09/2022

2022 жылғы 11 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін азамат Б-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Сотта анықталғаны:

Жанжалдан шығудың ең дұрыс жолы - бітімгершілік

08/09/2022

Нұр-Сұлтан қаласының соты жылжымайтын мүлік объектісін сатып алушыға қызмет көрсету туралы шарт бойынша көрсетілген риэлторлық қызметтер үшін берешекті өндіріп алу туралы А-ның Б-ға талап қоюы бойынша азаматтық іс бойынша татуластыру рәсімін жүргізді.

Шарттың талаптары бойынша А. (орындаушы) Б-ның сұранысына сәйкес келетін жылжымайтын мүлік объектісін іздеу мен іріктеуді жүзеге асыруға міндеттенді.

Тапсырыс беруші, өз кезегінде, көрсетілген қызметтер үшін төлем жасауға міндеттенді.

Сот министрліктің іс-әрекетін заңсыз деп таныды

08/09/2022

Р. министрдің бұйрығымен бекітілген қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарының ережелерін қолдануды түсіндіру туралы арызбен 2021 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жүгінді. Арыз Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына алданған.

Талап қоюшы 2021 жылғы 27 желтоқсанда жауапкерге осы мәселе бойынша қайта жүгінді. Министрлік арызды Басқармаға қайта жіберген. Ақыры талап қоюшының екі арызына да жауап берілмеді.