Архив событий

23/09/2022

Алаяқ ұрланған ақшаны казинода ұтылып қалды

23/09/2022

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотымен Б.-ға қатысты айыптау үкімі шығарылды.

Б., алаяқтық жасау мақсатында анасының рұқсатынсыз сейфтен пәтерге қатысты құжаттарды ұрлап, анасына ұқсайтын әйелмен келісіп, нотариуста өзіне анасының атына тіркелген пәтерге сенімхат рәсімдеген.

Б. жалған сенімхатты пайдаланып, аталған пәтерді кепілге қойған. Сөйтіп, жалпы сомасы 27 млн. теңгеден астам жәбірленуші С.-ның ақшалай қаражатын алдау жолымен иемденген.

Ұрланған ақшаны сотталушы казинодағы құмар ойындарын ойнау кезінде ұтылып қалған.

Есірткі заттарын тарату туралы іс бойынша үкім шығарылды

23/09/2022

2022 жылғы 07 шілдеде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 5), 6) тармақтары бойынша А.-ға қатысты айыптау үкімін жариялады.

Айыптау

Сотталушы А. есірткі заттарын пайдаланатын адам бола отырып, материалдық жағдайы қиын болғандықтан  оларды сатып алу үшін, сондай-ақ материалдық баю мақсатында есірткіні заңсыз таратумен айналысқан.

Дәмхана иесі баланың құқығын бұзғаны үшін моральдық зиянның өтемақысын төлейді

23/09/2022

Л. өзінің кәмелетке толмаған ұлының мүддесі үшін К.-ға 200 мың теңге сомасында моральдық зиянды өтеу туралы талаппен сотқа жүгінді.

Іс бойынша талапкердің ұлы басқа балалармен бірге жауапкерге тиесілі дәмхананың жанында футбол ойнағаны анықталды.

Сынған әйнектің даусын естіген К. кінәліні анықтау үшін Л.-ның ұлын дәмханаға алып келіп, полиция келгенге дейін психологиялық қысыммен ұстап отырған.

Қоғамдық орында ұрып-соққаны үшін жауапкершілік

23/09/2022

2022 жылдың 17 шілдесінде «Д» дәмханасының ғимаратында азаматша У. азаматша С.-ны ұрған.

Азаматша У.- ға қатысты  «Ұрып-соғу» туралы ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-бөлігімен  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Сот отырысы барысында азаматша У. кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді.

Сотпен мүлікті бөлу туралы дау қаралды

23/09/2022

Некелерін тіркегеннен кейін ерлі-зайыптылар Н. пәтер сатып алып, онда балаларын тәрбиелеп, бірге тұрған.

Кезекті жанжалдан кейін әйелі ажырасуға және бірлесіп жинаған мүлікті бөлуге арыз беріп,  онда ол некеге отырғаннан кейін сатып алынған пәтерді көрсеткен.

Сот ерлі-зайыптыларды татуластыру үшін барлық шараларды қабылдады: татуласуға заңда белгіленген мерзім берілді, психологқа, татуласу орталығына жүгіну ұсынылды.

Қаруды заңсыз иемденгені, сақтағаны және алып жүргені үшін айыппұл салынды

23/09/2022

2022 жылғы 25 ақпанда Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігімен Ш.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Айыптау:

Ш. 2020 жылдың желтоқсан айында «Тұңғыш Президент» саябағында екі травматикалық патроны бар ұңғысыз атыс қаруын тауып алып, оны өз үйінде заңсыз сақтаған. Ал ағымдағы жылдың 6 ақпанында оларды рюкзагына салып, Алматы қаласына ұшу үшін «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына» бет алған. Оны  әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұстаған.

Прокурор айыптауды қолдады.

Ер адам терроризм актілерін насихаттағаны және шақырғаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталды

23/09/2022

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты 2021 жылғы 11 қазанда ҚР ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігімен Д.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Іс материалдарынан анықталғандай,  2021 жылдың шілде айында Д. телекоммуникация желілерін қолдана отырып, терроризмдi және  терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыруды насихаттаған. Ол Телеграм арнасында діни сипаттағы материалдарды, соның ішінде ҚР аумағында қызметіне тыйым салынған «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының қызметіне қатысты материалдарды мезгіл-мезгіл жариялап отырған.

Алаяқ көлікті ресімдеймін деген сылтаумен азаматтардың ақшасын иемденген

23/09/2022

2022 жылғы 19 қыркүйекте Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 сотымен алаяқтық жасау фактісі бойынша К. сотталды (ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы).

Айыптау

2021 жылдың 14 қарашасында К. ресейлік есепте тұрған көлік құралын Қазақстандық есепке қоямын деген  сылтаумен алдау арқылы үш жәбірленушінің жалпы сомасы 804 мың теңгеге ақшалай қаражатын иемденген.

Сот шешімі

Сотталушы К. жәбірленушілерге келтірілген залалды толық көлемде өтеген.

Елорда тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін сотталды

23/09/2022

2022 жылғы 15 қыркүйекте Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 соты П.-ға қатысты ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен айыптау үкімін шығарды.

Тағылған айып

2022 жылы 13 маусымда П. 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола отырып, мас күйінде Астана қаласында автокөлігін басқарған.

Соттың жаза жөніндегі шешімі

Сот сотталушыға қатысты заңда (ҚК-нің 53-бабы) көзделген жеңілдететін мән-жайдың болуын - жасаған ісіне шын жүректен өкінетінін ескерді.

Алаяқтық бойынша қылмыстық іс қаралды

23/09/2022

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты азаматша Ж.- ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Іс материалдарынан Қарағанды облысы тұрғынының оған бұрын таныс емес адамдарға қатысты 2021 жылғы сәуір-тамыз кезеңінде алаяқтық жасағаны байқалады.

Бөтеннің мүлкін ұрлау ісі бойынша үкім жарияланды

23/09/2022

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты 2022 жылғы 25 қаңтарда азаматша З.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Іс материалдарынан оның бұрын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғаны, елорданың жұмыссыз тұрғыны З.-ның бірнеше велосипед ұрлап, жәбірленушілерге 224 мың теңге сомасында материалдық залал келтіргені байқалады (ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы).

Жазалау бойынша шешім

З.-нің кінәсі жәбірленушілердің, куәлердің айғақтарымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.