Архив событий

15/09/2022

Есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өткізу фактісі бойынша үкім шығарылды

15/09/2022

2022 жылғы 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша айыптау үкімі жарияланды.

Сотта Л.-дың елорда аумағында гашиш есірткі құралдарын заңсыз сақтаумен және өткізумен айналысқаны анықталды. Л.-дың тұрғылықты мекен-жайына тінту жүргізу барысында аса ірі мөлшерде марихуана мен гашиш табылып, тәркіленді.

Спирттік ішімдік ішудің салдары

15/09/2022

2022 жылғы 21 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М.-ға қатысты айыптау үкімін жариялады.

Сотта анықталғаны

2022 жылдың 30 қаңтарында М. және И.  спирттік ішімдік ішіп отырып саяси келіспеушіліктерге байланысты туындаған жанжалдың салдарынан М. келесіні пышақпен ұрған. Кейін М. жедел жәрдем шақырып, полиция қызметкерлерін күткен.

Сотталушының кінәсі М.-ның өзінің, жәбірленушінің өкілінің, сарапшының, куәнің айғақтарымен, сараптама және қылмыстық іс материалдары арқылы дәлелденді.

Қалалық сотта тағайындалған судьялар таныстырылды

15/09/2022

Бүгін кеңес барысында Нұр-Сұлтан қаласы сотының төрағасы Ақан Жұмағұлов ҚР Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1009 Жарлығымен тағайындалған елордалық сот судьяларын таныстырды.

Есіл аудандық сотының судьясы қызметіне Құлақбаева Жанна Мұхтарқызы, Өмірбаева Әйгерім Болатқызы тағайындалды.

Сарыарқа ауданы №2 аудандық сотының судьясы болып Әбдіхамитов  Дамир Рамазанұлы тағайындалды.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып Хасанова Эльвира Ерғалиқызы тағайындалды.

Иегово куәгерлерінің христиандық қауымы моральдық зиян келтіргені үшін 5 млн. теңге төлейді

15/09/2022

Сарыарқа аудандық сотына Б. өз атынан және кәмелетке толмаған ұлы С.- ның мүддесін қорғап «Астана қаласы Иегово куәгерлерінің христиандық қауымдастығы» жергілікті діни бірлестігіне қарсы талаппен жүгінді.

Талапкер өзіне және оның кәмелетке толмаған ұлына моральдық зиян келтіргені үшін жауапкерден 10 млн. теңге сомасында моральдық зиян өтемақысын өндіріп беруді сұрады.