Архив событий

14/09/2022

Жолаушы елден валюта шығаруға тыйым салуды бұзды

14/09/2022

2022 жылғы 18 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында азамат Б. кедендік шекара арқылы 13 200 АҚШ доллары мөлшеріндегі шетел валютасын алып өткен.

«Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығымен және Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында Қазақстан Республикасынан шетел валютасын баламасы 10 000 АҚШ долларынан асатын сомада қолма-қол шетел валютасын алып кетуге тыйым салу белгіленген.

Құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзудың салдары

14/09/2022

ӘҚБтК-нің 54-бабының негізінде сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі өз бастамасы бойынша не полиция органдарының немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге басқа да қатысушылардың өтінішхаты бойынша қараған кезде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеуі мүмкін.

Баламен қарым-қатынас тәртібі бойынша татуласуға қол жеткізілді

14/09/2022

Талапкер О. жауапкер М.-ға қа қатысты талабында әкесі баламен қарым-қатынас барысында оны ата-анасына қалдырып, онымен толық уақыт өткізбейтіндігін көрсете отырып сотқа жүгінді.

Сот талқылауы барысында тараптар медиативтік келісім жасасып, ол бойынша әкесі 2019 жылы туылған баласы Е.-мен қарым-қатынас жасау тәртібі анықталды.

Сот тонау және бопсалау фактісі бойынша үкім шығарды

14/09/2022

2022 жылғы 10 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы, 194-бабы 1-бөлігі бойынша К.-ге  қатысты айыптау үкімін шығарды.

Сотта анықталғаны:

2022 жылғы 24 наурызда К. жәбірленушілер У. мен А.-ны Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолы жағына өз автокөлігімен шығарып, онда жәбірленушілердің ұялы телефондарын, сақиналарын, сырғаларын және ақшалай қаражатын ашық ұрлаған.

Ұрлық бойынша үкім шығарылды

14/09/2022

2022 жылғы 5 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3) тармағы бойынша Қ-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Сотта анықталғаны:

2022 жылғы 15 тамызда К. тұраққа қойылған «Газель» автомобилінің кабинасына кіріп, А.-ға тиесілі «VIVO» ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Сотталушы К. жәбірленушіге келтірілген залалды толық өтеген.

Сотпен алаяқтық бойынша үкім шығарылды

14/09/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты азаматша З.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Сотта анықталғаны

Бірнеше рет сотталған, жұмыссыз З. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 2022 жылғы 20-25 наурыз аралығында оған бұрын таныс емес адамдарға қатысты алаяқтық жасаған.

Сот тұтынушының құқығын қалпына келтірді

14/09/2022

Азаматша О. шартты бұзу және шарт бойынша төленген ақшалай қаражатты өндіріп алу туралы талаппен Байқоңыр аудандық сотына жүгінді.

Ол 2021 жылдың тамызында жиһаз жасау туралы келісім жасасқан. Алайда жауапкермен шарттың талаптары толық әрі тиісті түрде орындалмаған.

Жауапкерге сотқа дейінгі тәртіппен бірнеше рет жүгіну соңғысымен еленбегендігі  О. - ның талап қоюына негіз болды.

Тараптар сотта татуласты

14/09/2022

Жанжалдарды медиация арқылы шешу осы институттың түрлі салаларда тиімділігі мен қажеттілігін көрсетеді.

Н. сотқа қарыз шартын жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгініп, даулы шартты жасасу кезінде мәміленің сипатына қатысты қателескендігі туралы уәждеме келтірген.

Татуластыру рәсімдерін жүргізу барысында тараптар қарыз нысанасын бөліп-бөліп қайтару шартымен келісімге келді.

Тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық сотымен бекітілді.

39 млн. теңге мөлшеріндегі дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

14/09/2022

Елорданың Сарыарқа аудандық соты азамат Н-ның 27,3 млн.теңге мөлшеріндегі борыштың қалдығын ерлі-зайыптылардың ортақ борышы ретінде тану туралы, Н-ның жеке тұрғын үйдегі 2/3 мөлшеріндегі үлесін айқындау және оның пайдасына 11,8 млн. теңге мөлшеріндегі ақшалай өтемақыны өндіріп алу туралы талабы бойынша тараптардың өкілдері арасында жасалған дауды (жанжалды) партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.

Сот жеке сот орындаушысының қаулысының күшін жойды

14/09/2022

Сот шешімімен азамат Е. мен «Х» ЖШС-дан ортақ тәртіппен Банктің пайдасына 2 млрд. 832 миллион теңге сомасында берешек өндіріліп алынды, сондай-ақ «Х» ЖШС-дан Банктің пайдасына 515 млн. теңге сомасында берешек өндіріп алынды.

Атқарушылық іс жүргізу барысында азамат Е. өз мүлкін сату есебінен 2,8 млрд. теңге сомасына ортақ міндеттемелерді орындады.

Тұрғын үйді жекешелендіру құқығы сотпен қалпына келтірілді

14/09/2022

1999 жылы Т. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметкері бола отырып, Алматыдан Астанаға көшірілген.

2001 жылғы жалдау шарты бойынша Т.-ға мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер берілген.

Ақмола өңірлік гарнизонының тұрғын үй комиссиясының 2011 жылғы шешімімен Т.-ға қызметтік тұрғын үйді теңгерімдік құнының 20% - на сатып алу жолымен жекешелендіруге рұқсат етілген.

Құжаттардың жоғалуына байланысты даулы пәтерді сатып алу рәсімі уақытылы аяқталмаған.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сотта сот орындаушысымен татуласты

14/09/2022

2019 жылы мемлекеттік сот орындаушысының қаулысымен ЖШС-на қатысты іс-әрекет жасауға шектеу қойылды.

Талапкер жауапкерге ЖШС-дан ауыртпалықты жою туралы арызбен  жүгінді, жауапкер дәлелдермен келісіп, тыйым салуды жойды.

Алайда, 2022 жылдың қаңтарында сот орындаушысы тыйым салуды  ішінара алып тастағаны белгілі болды. Талапкер Әділет департаментіне арызбен қайта жүгінді, бірақ оған бас тартылды.

Мемлекеттік орган өзінің бас тартуын сотта істі қарау кезінде шығарылған талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі сот ұйғарымының болуымен уәждеді.

Талапты қамтамасыз ету жөніндегі дау бітімгершілікпен аяқталды

14/09/2022

Сот орындаушысының іс жүргізуінде талапты қамтамасыз ету туралы сот ұйғарымы болған. Даудың бітімгершілік жолмен шешілуіне байланысты сот шешімінің күші жойылған.

Алайда, жеке сот орындаушысы талапты қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындағаны үшін өз қызметіне ақы төлеу сомасын бекіту туралы қаулы шығарған.

Осындай іс-әрекеттермен келіспеген талапкер Т. Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС-на дау айту туралы талаппен жүгінген.

Талапкер жеке сот орындаушысының әрекеттерін заңсыз деп тануды және барлық шектеулерді алып тастауды сұраған.