Архив событий

29/09/2022

Этикалық нормаларды сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді

29/09/2022

Персоналды басқару бөлімі мен ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жем қорлықтың алдын алу бөлімі сот қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтау мәселелері бойынша семинар ұйымдастырды.

Сот балалардың шетелге шығуына рұқсат беруден бас тартты

29/09/2022

Ж. балалардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жақын және алыс шетелдерге, Шенген аймағы елдеріне, ТМД елдеріне шығуына рұқсат беру туралы У.-ға талап қойып, сотқа жүгінді.

Талапкер қойған талаптарына жауапкердің балаларымен араласпайтыны, оларды тәрбиелеуге қатыспайтыны және талапкердің балалардың ой-өрісін дамыту қажеттілігі, оның ішінде оларды шетелде оқыту арқылы білімдерін тереңдету жөніндегі пікіріне қолдау білдірмегені туралы уәж келтірді.

Сотпен әке болуды тану фактісі анықталды

29/09/2022

Азаматша Х. әке болуды тану фактісін анықтау туралы талаппен сотқа жүгінді.

Сот шешімімен арыз қанағаттандырылып, 2021 жылы қайтыс болған азамат В.-ның азаматша Х.-ға қатысты әке болу фактісі анықталды.

Сот тірі кезінде азамат В. арыз иесін өзінің қызы деп танығанын, оған қамқорлық көрсеткенін, олар әкесі мен қызы ретінде жақсы қарым-қатынаста болғанын анықтады. Бұл жағдайлар отбасылық фотосуреттермен, құжаттармен, сондай-ақ мүдделі адамдар мен куәлердің айғақтарымен расталды.

Сотпен сақтандыру төлемі бойынша дау шешілді

29/09/2022

Сақтандыру компаниясы 1 млн. теңге мөлшерінде жүзеге асырылған сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінді.

Қойылған талап сот шешімімен толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот алкогольдік масаю күйінде болған жауапкер К.-ның кінәсінен Астана қаласында 2021 жылғы 27 шілдеде жол-көлік оқиғасы орын алғанын, соның салдарынан жәбірленуші П.-ның автокөлігі зақымданғанын анықтады.  

 Зиян мөлшері туралы есепке сәйкес, жәбірленуші П.-ның автокөлігін қалпына келтіру бойынша жөндеу құны 99 мың теңгені құрады.        

Салық органының берешекті өтеу туралы хабарламасы заңсыз деп танылды

29/09/2022

«К» жеке кәсіпкерден алынған декларациялардың негізінде салық органы 2015 жылғы 01 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін салық және бюджетке төленетін төлемдер сомасын есептеді және есепке жазды.

2022 жылғы 17 наурызда салық органы салық берешегін өтеу туралы хабарлама шығарды, оған сәйкес «К» жеке кәсіпкері салық берешегінің жалпы сомасын өтемеді.

«Жәрдемдесу және құқық» жеке мекемесі арасындағы меморандумға қол қойылды

29/09/2022

Астана қаласы Алматы аудандық сотының атынан сот төрағасы А.Б.Бакишевтің және «Жәрдемдесу және құқық» жекеменшік мекемесінің атынан директор М.М.Омаровтың арасында азаматтық сот ісін жүргізудегі медиативтік келісімдер мәселелері бойынша 2022 жылғы 28 қыркүйекте меморандум жасалды.

Меморандумды жасасудың негізгі мақсаты медиация институтын дамыту, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін уақтылы және сапалы қорғау бойынша жүйелі шешімдерді және жанжалдарды шешудің басқа да балама тәсілдерін іздеу болып табылады.