Архив событий

21/09/2022

Жеке кәсіпкерге белгіленген тәртіппен пайдалануға берілмеген объектіні пайдаланғаны үшін айыппұл салынды

21/09/2022

Апелляциялық сатымен 2022 жылғы 21 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының «У» жеке кәсіпкеріне қатысты 2022 жылғы 5 тамыздағы қаулысының күші жойылды.

Бірінші сатының шешімімен «У» жеке кәсіпкеріне қатысты іс бойынша іс жүргізу «У» жеке кәсіпкерінің іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Сотпен оқытушының біліктілік санатын алу құқығы қалпына келтірілді

21/09/2022

Оқытушы Е. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі болып табылады. Ол 2022 жылдың 18 маусымында «педагог-зерттеуші» біліктілік санатын алуға арыз берді.  

Арыз берген сәтте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің қолданыстағы бұйрығына сәйкес, «Болашақ» бағдарламасының түлектері болып табылатын адамдарға «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты беру рәсімінен өтпестен тек жеке арыздың негізінде беріледі.

Сейф ұяшығынан жылжымалы мүлікті алып қою туралы қаулы заңды деп танылды

21/09/2022

Алматы аудандық сотының шешімімен берешек сомасы «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен, «Б» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен, Б.-дан акционерлік қоғамдастығының пайдасына ортақ тәртіппен өндіріліп алынды.

Жеке сот орындаушысы З.-ның қаулысымен Б.-ға қатысты атқарушылық іс жүргізу қозғалды. Жеке сот орындаушысы орындауды қамтамасыз ету бойынша бірқатар атқарушылық шараларды жүргізді, оның ішінде сейф ұяшығындағы мүлікке тыйым салды.

Соттармен Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы қалпына келтірілді

21/09/2022

Азамат А. тұруға арналған ықтиярхаттың мерзімін ұзарту туралы арызбен 2022 жылғы 25 қаңтарда Астана қаласының Көші-қон қызметі басқармасына жүгінді.

Көші-қон қызметі басқармасының қорытындысына сәйкес, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабының 13-тармағы негізінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсаттың күші жойылды.