Архив событий

30/09/2022

Әкімшілік сот судьяларына арналған семинар

30/09/2022

2022 жылғы 30 қыркүйекте Астана қаласының МАӘС-да Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиевтің, алқа судьясы Оралхан Тұрсыновтың қатысуымен кезекті семинар сабағы өткізілді. 

Семинар барысында судьялар салық дауларын, сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне шағымдану дауларын және жер дауларын қарау практикасын талқылады.

Медициналық университеттің проректорына қатысты үкім заңды күшіне енді

30/09/2022

Астана қаласының соты «Астана медицина университеті» КеАҚ проректоры Д-ға қатысты айыптау үкімін өзгеріссіз қалдырды, ол осы университеттің ректоры лауазымына тағайындалуы үшін өзінің танысы К-ге 47 000 АҚШ доллары мөлшерінде пара берді, ол өз кезегінде жымқыру мақсатында оны алдау және пара беруге итермелеу жолымен ақшалай қаражатты иемденіп, оны өз қалауы бойынша ұстаған.

Астаналық масаң күйінде соңы өлім жазасына әкеліп соққан жол-көлік оқиғасын жасады

30/09/2022

Астана қаласы аудандық сотының үкімімен Б. ҚК-нің 345-1-бабы 3-бөлігі бойынша 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталды.

2022 жылғы 8 мамырда Астана қаласында Б. жол қозғалысы қағидаларын елеместен, масаң күйде автокөлікті басқарып, жол қиылысына бағдаршамның тыйым салу белгісіне өтіп, басқа автокөлікпен соқтығысуға жол бергені анықталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екінші автокөліктің жүргізушісі қайтыс болды, екі жолаушыға ауыр және орташа зиян келтірілді.

Елорда тұрғындары есірткі сатқаны үшін сотталды

30/09/2022

Сот үкімімен Ю., К., Л. және К.  Астана қаласының аумағында алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында, аса ірі мөлшерде «героин» есірткі заттарын өткізген бес эпизод бойынша,  өткізу мақсатынсыз «героин», «гашиш» сақтаудағы бес эпизод бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.

Салық органының хабарламасы заңсыз деп танылды

30/09/2022

2015 жылғы 15 желтоқсанда «С» акционерлік қоғамдастығы (бас мердігер) мен «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (қосалқы мердігер) арасында станцияның теміржол торабының объектісі бойынша құрылыс мердігерлік шарты жасалды.

Агрессия әкесінің өліміне әкеліп соқты

30/09/2022

Астана қаласы аудандық сотының үкімімен П. ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі бойынша - жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіру арқылы абайсызда соңғысының өліміне әкеліп соққан факті бойынша сотталды.

Сот П.-ға үкімдердің жиынтығы бойынша 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, бұл орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеледі. Жазасын өтеу орны бойынша маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Адам денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды

30/09/2022

2022 жылғы 28 наурызда Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі бойынша Ж.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Сотта анықталғаны:

2021 жылғы 10 желтоқсанда Ж. караоке-клубта масаң күйінде, жәбірленуші С.-мен ауызша қақтығыс салдарынан пайда болған жағымсыз қатынастар негізінде, соңғысының кеуде тұсына  пышақ сұғып, осылайша оған пышақ жарақаты түрінде ауыр дене жарақатын келтірді.

Есірткі заттарын сатушыға үкім шығарылды

30/09/2022

2022 жылғы 16 қыркүйекте Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 сотымен азамат М.-ға қатысты ірі мөлшерде есірткі затын өткізу фактісі бойынша айыптау үкімі жарияланды.

М. пайдакүнемдік ниетпен ірі мөлшерде есірткі – гашишті заңсыз сақтаған және шартты сатып алушы «И.-ға» 14 мың теңгеге сатқан.

Сотталғанның кінәсі оның есірткі затын сақтау және өткізу фактісін жоққа шығармаған соттағы айғақтарымен,  куәгерлердің айғақтарымен, ерікті түрде беру хаттамасымен, жасырын тергеу әрекеттерінің аудио -, бейне жазбаларымен, сот-химиялық сараптаманың қорытындысымен расталды.

Масаң күйінде көлік жүргізудің жауаптылығы

30/09/2022

2022 жылғы 23 қыркүйекте Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 соты масаң күйінде көлік құралын басқару фактісі бойынша К.-ге қатысты айыптау үкімін шығарды.

К. 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола отырып, масаң күйінде автокөлікті басқарған және жол-көлік оқиғасын жасаған, нәтижесінде жәбірленуші тарапқа 900 мың теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілді.

К.-нің кінәсі оның соттағы айғақтарымен, медициналық куәландыру қорытындысымен расталды.

Жаза

Балабақша тәрбиешісіне қатысты үкім шығарылды

30/09/2022

2022 жылғы 30 қыркүйекте Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты балаларды дамыту орталығының тәрбиешісі К.-ға қатысты айыптау үкімін жариялады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы К.-ның балабақша тәрбиешісі бола отырып, танымдық сабақтар кезінде оны тыңдамаған жас Ш.-ның қыңырлығына баланы жүйелі түрде ұрып-соғуды бастады деген айып таққан (ҚК 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы).

Сотта К. балалар мекемесінің тәрбиешісі бола отырып, өз міндеттерін орындамағаны және 12.01.2022 жылы жас бала Ш.-ның басынан алақанымен соққаны  анықталды.

Ер адам автокөлікті мас күйінде әрі жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін сотталды

30/09/2022

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты 2022 жылғы 14 шілдеде азамат А.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Сотта анықталғаны

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бірінің қызметкері А. сот қаулысымен көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола отырып, өзіне тиесілі автомобильді түнгі уақытта орташа ауырлықтағы алкогольдік мас күйінде басқарған (ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі).  

Сот отырысында А. ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі бойынша кінәсін мойындаған және жасаған ісіне өкінген.

Алаяқтық туралы іс бойынша үкім жарияланды

30/09/2022

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты 2022 жылғы 22 шілдеде М.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

М. меншікке қарсы ауыр қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотталғаннан кейін тағы да ауыр қылмыс – алаяқтық жасаған және алдау арқылы жәбірленушілердің жалпы сомасы 1,2 млн. теңге тұратын ұялы телефондарын иемденген (ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы).

Жазалау бойынша шешім

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.

Астаналық тұрғын сыйлықтар үшін жұмсалған соманы бұрынғы сүйіктісінен сот арқылы қайтаруды талап етті

30/09/2022

Талапкер А. қарызды өндіріп алу туралы жауапкер С.-ға талап қойып, сотқа жүгінді.

Бірінші сатыдағы сот қойылған талапты қанағаттандырудан бас тартты.

Талапкер сот шешіміне апелляциялық сатыдағы сотқа шағымданды.

Іс материалдарынан талапкер А.-ның моделі «iPhone 12 Pro MAX» ұялы телефонын, сондай-ақ «Apple Watch Series 6» смарт сағатын несиеге сатып алып, оларды өзі араласып жүрген жауапкер С.-ға сыйға тартқаны байқалады.