Архив событий

02/09/2022

«Facebook» желісінде таратылған ақпараттар азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірілетін мәліметтер деп танылды

02/09/2022

Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының соты Н-ның  А-ға қатысты талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады, онда ол таратылған мәліметтерді шындыққа сәйкес келмейді, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді деп тануды және 1 млн. теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеуді сұраған.

Талап қою жауапкердің журналист бола отырып, 2020 жылы өзінің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында посттар жариялап, талап қоюшы Н-ның «Халықаралық білім беру орталығында» жұмыс істеген кезіндегі қызметіне қатысты түсініктеме қалдырғандығымен уәжделген.

Баланы өлтіргені үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

02/09/2022

2022 жылғы 22 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен жас бала Д.-ны өлтіру фактісі бойынша К.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды (ҚК 99-бабы 3-бөлігі).

Сотта азамат K.-ның алкогольді ішімдіктерді ішіп, бірге тұратын әйелдің  5 жасар қызына көптеген соққылар келтіріп, одан бала есін жимастан, қайтыс болғаны анықталды.

Алқабилер алқасы өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға толық құрамда дауыс берді.

Рецидивист алкогольдік ішімдігін сатып алу үшін ұрлық жасады

02/09/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы №2 аудандық сотының 2022 жылғы 5 шілдедегі үкімімен бұрын меншікке қарсы қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған З. бірнеше рет бөтеннің мүлкін қайта ұрлағаны, заңсыз басып кіргені үшін (ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 2, 3-тармақтары) жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтей отырып  2 жыл 7 айға сотталды.

З-ның әрекеттерінде қылмыстың қайталануы танылды.

З-ның басқа адаммен алдын ала сөз байласып, бөлмеге заңсыз кіріп, жасырын түрде 100 метр мыс кабельді ұрлағаны анықталды.

Маскүнемдік негізінде туындыған отбасылық-тұрмыстық қылмыс

02/09/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы №2 аудандық сотының 2022 жылғы 26 шілдедегі үкімімен Б.  Т-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін (ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі) 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Сот алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеудіде тағайындады.

Анықталғандай, 2022 жылғы 21 мамырда Б. өз үйінде масаң күйде, бірге тұратын әйелімен болған жанжал барысында оның бетін жұдырықпен, содан кейін ас үй пышағымен кеуде аймағына ұрып, денсаулығына ауыр зиян келтірген.

Жол көлік оқиғасы орынын тамтап кеткені үшін жауаптылық

02/09/2022

Аппеляциялық сатыдағы сот  2022 жылғы 31 тамыздағы Қ-ға қатысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 611-бабының 2-бөлігі бойынша өзі қатысушысы болып табылатын жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін іс бойынша қаулысын өзгеріссіз қалды.

Мемлекеттік кірістер органы кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне заңсыз тексеру жүргізді

02/09/2022

Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы жоспардан тыс кешенді Салықтық тексеріс жүргізу туралы нұсқаманы заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Істің мән-жайлары

Ағымдағы жылғы 24 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) атына «Л» ЖШС және өзге де кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексеріс жүргізу қажеттілігі туралы хат жолдады.

Мәлімделген талаптарға мүлікке тыйым салудың мөлшерлес еместігі

02/09/2022

Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдай отырып, жеке тұлғаның тыйым салу туралы қаулысын заңсыз деп тану және күшін жою туралы талабын қанағаттандырудан бас тарту туралы бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойды.

Істің мән-жайлары

Сот ұйғарымымен к. жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне 15 миллион теңге сомасы шегінде тыйым салынды.

Моральдық зиянды өтеу

02/09/2022

Азаматша С. 2020 жылғы 30 желтоқсанда сауда ойын-сауық орталығы ғимаратында құлаған кезде денсаулығына зиян келтіріп, содан кейін ұзақ уақыт емделді.

Осының нәтижесінде оған тек тән азабы ғана емес, жан азабы да келтірілген, бұл  оның сотқа ЖШС-дан 3 млн.теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінуге негіз болды.

Жол-көлік оқиғасына кінәліден тауар құнын жоғалту сомасы өндіріп алынды

02/09/2022

2019 жылғы қыркүйекте жүргізуші  Т. бұрылудың  қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, Ж. басқарған автокөлікпен соқтығысуға жол берді.

Осы жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі - ЖКО) Ж-ның көлік құралының зақымдануына және оған материалдық залал келтіруге әкеп соқты.

Нұр-Сұлтан қаласы ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Т. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, айыппұл түрінде жазаға тартылды