Архив событий

01/09/2022

Жіберіп алған пайданы өндіріп алу туралы мәселе

01/09/2022

Азаматтық кодекстің 9-бабының 4-тармағына сәйкес құқығы бұзылған адам өзіне келтірілген залалдың толық өтелуін талап ете алады. Шығындар деп, оның ішінде, егер оның құқығы бұзылмаған болса, бұл адамның әдеттегі айналым жағдайында алатын, алынбаған табыстары түсініледі.

Бұл ретте, талап қоюшы жоғалған пайданың фактісі мен мөлшерін, сондай-ақ жауапкердің әрекеттері мен келтірілген шығындар арасындағы себептік байланысты дәлелдеуі керек.

Мысалы: талап қоюшы ЖШС 2021 жылғы  28 желтоқсаннан бастап тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі болып табылады.

   Елорда тұрғындары нөмірлік белгілерді қайтару үшін ақша талап етті

01/09/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының  № 2 аудандық соты қорқытып алу фактісі бойынша 2022 жылғы 5 тамызда К. мен М.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды (ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2, 3-тармақтары бойынша).

Соттың анықтағаны:

Елорда тұрғыны алаяқтық үшін сотталды             

01/09/2022

Сарыарқа ауданының № 2 аудандық соты 2022 жылғы 1 тамызда алаяқтық фактісі бойынша Е.-ге қатысты айыптау үкімін шығарды  (ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі бойынша).

Соттың анықтағаны:

Е. ұялы телефон сатып алу туралы сылтаумен жәбірленушімен кездесіп, оған «Kaspi.KZ»-нің жалған чегін көрсетіп, оның 270 мың теңге тұратын «IPhone 12» маркалы ұялы телефонын иемденген.

Жазалау бойынша шешім

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы іс бойынша үкім жарияланды

01/09/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты 2022 жылғы 19 мамырда азаматша Р.- ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Сотта анықталды

Р. оны мас күйінде көлік құралын жүргізуіне байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін Нұр-Сұлтан қаласы ПД Патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне 50 000 теңге сомасында пара беруге оқталғаны үшін айыпталды (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 367-бабының 1-бөлігі).

Жаза бойынша шешім

Сот баланы күтіп-бағуға арналған алименттердің мөлшерін азайту туралы талап қоюдан бас тартты

01/09/2022

Талап қоюшы асырауында төрт баласы бола тұра алименттердің мөлшерін азайту, оның ішінде мүгедек баланы күтіп-бағуға арналған алименттердің мөлшерін азайту туралы талап қойып, сотқа жүгінді.

Неліктен көлікті басқа адамның басқаруына бермеу керек?

01/09/2022

А. 2022 жылғы 9 шілдеде мейрамханадағы іс-шарадан кейін автокөлігін жүргізуші куәлігі жоқ әрі мас күйінде болған И.-дің басқаруына берді. Ол іс-әрекетін өзі мас күйде болғандықтан И.-ге көлігімнің руліне отыруға рұқсат бердім деп түсіндірді. Сонымен бірге ол И.-дің жүргізушілік куәлігінің жоқ екенін білген.

Қарызды өндіріп алу туралы дау медиация тәртібімен шешілді

01/09/2022

Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық соты ЖШС-нің жауапкер Т.-дан берешекті және кепілге қойылған мүліктен өндіріп алу туралы қойған талабына қатысты азаматтық істі қарады.

Серіктестік берешекті өтеу жөніндегі шарттық міндеттемелердің орындалмауына байланысты сотқа жүгінді.

Істі сот талқылауына дайындау барысында тараптар медиациялық келісімге келіп, берешекті ай сайын өтеу кестесі бекітілді.

Келісімнің шарттары орындалмаған жағдайда, көлік құралы түріндегі кепіл мүлкімен өндірілетін болады.

Сот медиациялық келісімді бекітті.