Архив событий

13/09/2022

«Отбасылық сот» жобасы шеңберінде дөңгелек үстел өткізілді

13/09/2022

2022 жылғы 13 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық сотында «Отбасылық сот» пилоттық жобасының судьялары мен АХАТ өкілдері қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесу барысында қатысушылар елордадағы ажырасудың жоғары деңгейін талқылады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша отбасы мен некені сақтау бойынша «Отбасылық сот» жобасы мен АХАТ арасында өзара іс-қимыл жасау бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

Жас жұбайларды некеге тұруға дайындау мақсатында жас жұбайларды отбасылық өмірдің қыр-сырына үйрету бойынша бірлескен бағдарламалар әзірленді.

Заңды тұлғалар арасындағы дау татуласу арқылы реттелді

13/09/2022

Талап қоюшы М. 17 млн. теңгеден астам шығынды өндіріп алу туралы жауапкер К. - ға талап қойып, 2022 жылғы 31 маусымда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жүгінді.

Татуластыру рәсімдерін жүргізудің нәтижесінде тараптар өзара келісімге келді. Сот тараптарға медиативтік келісім жасасу арқылы талап қоюды қабылдау сатысында дауды бейбіт жолмен шешуге болатынын түсіндірді. Оның шарттары бойынша жауапкер 2022 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде 10 млн. теңгеден астам соманы төлеуге міндеттенді.

Кәсіпкердің тауар белгісіне құқығы сотта қалпына келтірілді

13/09/2022

Жеке кәсіпкер Б. (бұдан әрі - ЖК Б.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне талап қойып, сотқа жүгінген. Ол Әділет министрлігі апелляциялық кеңесінің сөзбен жазылған «А...» тауар таңбасын тіркеуге қарсылығын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімін заңсыз деп танып, күшін жоюды және тауар таңбасын жабық акционерлік қоғамдастығы (бұдан әрі - ЖАҚ) атындағы «С...» мемлекеттік тіркеудегі тауар таңбасын жарамсыз деп тануды сұраған.

Кәдеге жарату төлемдері бойынша дау татуласу арқылы реттелді

13/09/2022

«Жасыл Даму» АҚ қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін берешек сомасын өндіріп алу туралы азамат К. - ға талап қойып, сотқа жүгінді.

Сотпен салық төлеушінің құқықтары қалпына келтірілді

13/09/2022

«Д...» ЖШС 2020-2021 жылдары ҚР-на медициналық техниканы импорттаған және «ішкі тұтыну үшін шығару» кедендік рәсімінде тауарларға төрт декларация ресімдеген.

Осылайша «Д ...» ЖШС 2020 жылдың шілде айынан қазан айына дейін 19 өкпені жасанды желдететін аппаратты сатқан.

«Ұлт ұстазы - А.Байтұрсынұлы»

13/09/2022

Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ұлт ұстазы - А.Байтұрсынұлы» атты тақырыпта лекциялық сабақ өтті.

Лекция сабағына сот төрағасы Жанаргүл Алпысбаева және сот ұжымы қатысты.

Жанаргүл Алпысбаева мерекелік іс-шараны ашық деп жариялап, А.Байтұрсынұлы – қоғам қайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы болған дара тұлға екендігін атап өтті. 

Елорда тұрғыны мүгедектігін сот арқылы қалпына келтірді

13/09/2022

Азамат М.-ға екінші топтағы мүгедектік белгіленген.

Алайда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің Әдіснама және бақылау бөлімімен азамат М.-ға үшінші топтағы мүгедектікті белгілеу туралы акт қабылданған.

Мұндай шешіммен келіспеген М. Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС-на жүгініп, мүгедектіктің екінші тобын белгілеу туралы актіні күшінде қалдыра отырып, актіні заңсыз деп тануды және оның күшін жоюды, мүгедектігі бойынша жәрдемақыны төлеуді қайта есептеудің қажеттілігі туралы ақпарат беруді сұраған.