Қаржы пирамидасын құрғаны және оған басшылық еткені үшін бір топ адам сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Нұр-Сұлтан қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі қаулысымен ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2) тармағы  және 214-бөлігі 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша, тиісінше 7 жыл мерзімге коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 және 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған С. және Б - ға қатысты Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы №2 аудандық сотының 2022 жылғы 5 шілдедегі № 2 үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

С. және Б. алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында міндетті лицензиясыз заңсыз қаржы қызметі, қаржы пирамидасын С-ның құрғаны және Б-ның басшылық еткені,     жылжымалы/жылжымайтын мүлікті сатып алу бағдарламалары, сондай-ақ «CELL-келісімшарттар» және «Profitbox» бағдарламасы бойынша 259 салымшыны тарта отырып, 1 млрд. 642 млн. теңге сомасында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын тартқаны үшін кінәлі деп танылды.

Ол айыптаған әрекеттердегі С. мен Б-ның  кінәсі негізгі сот процесінде зерттелген дәлелдемелер жиынтығымен толығымен дәлелденді.

Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарымен, нақты мән-жайлармен де, С-ның және Б-ның әрекеттерінің саралануымен де келісті, осыған байланысты сот актісінің күшін жою немесе оған өзгерістер енгізу үшін заңда көзделген негіздер жоқ деген қорытындыға келді.

Үкім заңды күшіне енді.

 

 

Қайнар: 
Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі