Сот министрліктің іс-әрекетін заңсыз деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Р. министрдің бұйрығымен бекітілген қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарының ережелерін қолдануды түсіндіру туралы арызбен 2021 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жүгінді. Арыз Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына алданған.

Талап қоюшы 2021 жылғы 27 желтоқсанда жауапкерге осы мәселе бойынша қайта жүгінді. Министрлік арызды Басқармаға қайта жіберген. Ақыры талап қоюшының екі арызына да жауап берілмеді.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 3-тармағына сәйкес, кейбір нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірмені оларды қабылдаған (шығарған) уәкілетті органдар немесе лауазымды адамдар береді. Жоғарыда аталған бұйрық нормативтік актілер түрлерінің көрсетілген тізбесіне кіреді.

Әкімшілік іс материалдарымен танысу кезінде талап қоюшының мемлекеттік органдар мен жеке медициналық ұйымдардың нормативтік құқықтық актіні әртүрлі оқып-түсінуіне байланысты жауапкерге жүгінгені анықталды. Осыған байланысты ол қағидалардың қолданылуын түсіндіруді сұрады.

Әкімшілік орган заңның талаптарын бұзып, ӘҚБтК-нің 76-бабында көрсетілген мерзімде арыз иесіне (талап қоюшыға) жазбаша жауап берген жоқ. Жауапкер талап қоюшының арызындағы деректерді мәні бойынша қарау үшін жергілікті басқармаға қайта жіберді. Ал басқарманың нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру жөнінде өкілеттіктері жоқ.

Жауапкер талап қоюшы сотқа жүгінгеннен кейін 2022 жылғы 2 сәуірде, яғни 3 ай 20 күннен кейін жауап берген.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің талап қоюшының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы, 2021 жылғы 27 желтоқсандағы арыздарын қарамау және Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қайта жіберу жөніндегі іс-әрекеттері сот шешімімен заңсыз деп танылды.   

Источник: 
Специализированный межрайонный административный суд города Нур-Султана