Архив событий

07/09/2022

Сот елорда тұрғынының тұрғын үй кезегін  қалпына келтірді

07/09/2022

Елорда тұрғыны Р. 2010 жылы «Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар» санаты бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж адамдар есебіне қойылды. Кейіннен ол Нұр-Сұлтан қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бұйрығымен 2021 жылы кезектен шығарылды. Ол қабылданған шешім туралы тиісті түрде хабардар етілмеген.

Р. кезектен шығару туралы бұйрыққа шағымдану туралы талап қойып, астананың әкімшілік сотына жүгінді.

Сот бөтеннің мүлкін жою туралы іс бойынша үкім шығарды

07/09/2022

 

2022 жылғы 1 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының № 2 соты бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша Т-ға қатысты айыптау үкімін шығарды (ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы).

Тергеумен Т-ға қатысты ол 2022 жылғы наурызда  автомашинаны өртеу арқылы бөтеннің мүлкін жойды деген айып тағылды, осылайша жәбірленушілерге 1,4 млн. теңге мөлшерінде материалдық залал келтірген.

Сот Банкті астана тұрғынының ипотекалық қарызын қайта қаржыландыруға міндеттеді

07/09/2022

Азамат Т. мен Банк арасында Заем шарты және Ипотекалық тұрғын үй заемы жасалды. Заем талап қоюшы Т. - ға «7-20-25» Ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша жылжымайтын мүлік сатып алуға берілді. Талап қоюшының зайыбы қарыз шарты бойынша тең заем алушы болып табылады.

Заем шарты бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауды қамтамасыз ету үшін талап қоюшы пәтерін Банкке кепілге берді.

Сот шығындар мен моральдық залалды өтетіп, тұтынушының құқықтарын қалпына келтірді

07/09/2022

Соттардағы даулардың бірқатары жиһаз бен басқа да тұрмыстық заттарды жасау және орнату туралы шарттардан туындайды.

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық соты М.-ның шығын сомасын өндіріп алу және моральдық зиянды өтету туралы ЖШС-ға қойған талабы бойынша азаматтық істі қарады.

Тараптар арасында жиһаз жасау жөнінде шарт жасалған болатын. Талап қоюшы шарттың талаптарын орындап, шарт бойынша соманы жауапкерге толық көлемде төледі.

Сот оқ-дәрілерді заңсыз сақтау туралы іс бойынша үкім шығарды

07/09/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық соты 2022 жылғы 25 сәуірде ҚК - нің 287-бабының 3-бөлігі, 286-бабының 1-бөлігі бойынша М. - ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Сотта мына мән-жайлар анықталды:

М. оқ-дәрілерді, атап айтқанда, патрондарды заңсыз сақтап, қолға ұстайтын барсеткаға салып алып Ресей Федерациясына ұшу үшін 2021 жылғы 26 желтоқсанда «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына» келді.

Жәбірленуші мен кінәлі адам сотта татуласты

07/09/2022

Татуласу процестің кез келген сатысында болуы мүмкін. Мәселен, істі сот талқылауына дайындау кезінде Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының соты С.-ның материалдық және моральдық зиянды өтеу туралы Д. - ға қойған талабы туралы азаматтық іс бойынша медиативтік келісімді бекітті.