Архив событий

22/09/2022

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен шартты тиісінше орындамағаны үшін сома өндірілді

22/09/2022

2021 жылдың наурызында «В» акционерлік қоғамдастығы мен  «К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында 101 млн. теңге сомаға тауарларды сатып алу туралы шарт жасалды.

Шарттың қолданылу мерзімі 2021 жылғы желтоқсанның соңына дейін белгіленді.

Шарттың талаптары бойынша өнім беруші тапсырыс берушіден жоспар-өтінімді алғаннан кейін тапсырыс берушінің жоспар-өтінімінде көрсетілген мерзімдердің, көлемдердің (санның), тауардың атауы, жеткізу орны шегінде тауардың әрбір партиясын жеткізуі тиіс.

Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаудың салдары

22/09/2022

Азаматтар несие берудің қатаң шарттарына назар аудармай, тұрғын үй сатып алу үшін қарыз алатын және кейіннен үйсіз қалатын жағдайлар жиі кездеседі.

Мәселен, апелляция сатып алушының пәтердің құнын төлемеуіне байланысты Сатып алушымен пәтерді алдын ала сатып алу-сату және тұрғын үйді жалдау шартын бұзған жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қойған талабы бойынша аудандық соттың шешіміне келтірген шағымын қанағаттандырудан бас тартты. 

Жол-көлік оқиғасы кезінде жауапкершілікті зиян келтіруші мен автокөлік иесінің арасында жүктеу тәртібі

22/09/2022

Апелляция аудандық соттың шешімін өзгертіп, зиян келтірушіден өндірілген материалдық шығын сомасының жартысын автокөлік иесінің пайдасына азайтты.

Автокөлік иесі М. автокөлігі мен гараждың кілтін пәтерде қол жетімді жерде қалдырған. Ұлы Б.-ның досы оның  жоқтығын  пайдаланып, кілттерді алып, үшінші тұлғаның автокөлігіне зақым келтірген жол-көлік оқиғасын жасаған.

Автомашинаның иесі  М.-нен  жәбірленушінің пайдасына зақымдалған автомашинаның қалпына келтіру құны өндіріп алынды.

Салық органына өсімақы төлеу міндеті жүктелді

22/09/2022

Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасымен Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 21 маусымдағы шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Бірінші сатыдағы соттың шешімімен ЖШС-нің РММ-ге қойған талабы қанағаттандырылды. Сот РММ-ге 2020 жылдың 1-тоқсанында асып кеткен қосылған құн салығының сомасын уақтылы қайтармағаны үшін Серіктестіктің пайдасына 25 млн. теңгеден астам сомада өсімпұл есептеуді және аударуды жүргізу міндетін жүктеді.

Уәкілетті органның тұрғын үйге мұқтаж адамды есептен шығару туралы бұйрығы заңсыз деп танылды

22/09/2022

Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж А.-ны есептен шығару бөлігінде уәкілетті органның бұйрығын заңсыз деп тану туралы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Іс материалдарынан  анықталғандай, 2012 жылдың шілдесінде азамташа А.-ға  «қандас» мәртебесі берілген және 2012 жылы тамызда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж тұлға ретінде есепке қойылған.

2020 жылғы 24 қарашада талапкер 2014 жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына байланысты аталған есептен шығарылған.

Тик-Токтағы бейне бұзақылық әрекеттердің орын алуына себеп болды

22/09/2022

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы бойынша К. және .Н. - ға қатысты әкімшілік істер қаралды.

2022 жылғы 25 шілдеде Астана қаласының "Парк Авеню Эксклюзив" тұрғын үй кешенінде 2007 жылғы екі кәмелетке толмаған балалар "Тик-Ток" әлеуметтік желісінде 20 литрлік бөтелкемен түсірілген бейнеэкспериментті көргеннен кейін, оны қайталауға шешім қабылдаған.

Содан кейін 20 литрлік бөтелкені сумен толтырып, оны 16 қабаттан лақтырып жіберген.

Ескерткішті орнату жөніндегі дау медиация тәртібімен шешілді

22/09/2022

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотымен Г.-ның Ю.-ға төлеген сомасын өндіріп алу туралы талабы бойынша татуластыру рәсімі жүргізілді.

Талап тараптардың арасында талапкердің туыстарының қабірлеріне жауапкер Ю.-дың ескерткіш, қоршаулар, гүл өсіру жабдықтарын орнататыны және плиткалар салатындығы туралы ауызша келісім жасалғанына негізделген.

Сотта автобус паркі мен жүргізуші татуласты

22/09/2022

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты «А» акционерлік қоғамдастығының Д.-дан материалдық залалды өндіріп алу туралы талабы бойынша татуластыру рәсімін өткізді.

Талап жауапкердің маршруттық автобустың жүргізушісі бола тұрып, басқа автобуспен жол-көлік оқиғасына ұшырауымен негізделген. Екі автобус та талапкердің автобус паркіне жатады. Жол-көлік оқиғасы кезінде әрбір жүргізуші өзіне сеніп тапсырылған автобусты қалпына келтіруге міндеттелді. Алайда жауапкер басқа автопаркке ауысып кетіп, келтірілген залалды өтемеген. Автобусты талапкер өзі қалпына келтірді.

Министрліктен шарт бойынша берешек өндіріліп алынды

22/09/2022

Азамат Министрліктен шарт бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінді.

Сотпен Министрлік пен талапкердің арасында белгілі бір мерзімге жалпы сомасы 1 млн. теңгеге материалдық емес активтерді сатып алу-сату шарты жасалғаны анықталды.

Талапкердің шарттық міндеттемелерін орындауына байланысты Министрлік шарттың нысанасын қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған.

Алайда талапкерге тиесілі сома төленген жоқ.

Сақтандыру төлемін суброгация тәртібінде өндіріп алу туралы дау бітімгершілікпен аяқталды

22/09/2022

Талапкер «Х» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамдастығы жауапкерлер Е. және З.-дан суброгация тәртібінде сақтандыру төлемінің сомасын өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінді.

Талапкердің талаптары 2019 жылы талапкер мен жауапкер З. арасында «Toyota Corolla» маркалы автомобильді ерікті сақтандыру шарты жасалғандығымен негізделген.

2020 жылдың қыркүйегінде жауапкер Е. өз көлігін басқарып, жауапкер З. басқарған сақтандырылған көлік құралымен соқтығысуға жол берген.

Сот жеке сот орындаушысына борышкердің құрылыс лицензиясын тоқтатудан бас тартты

22/09/2022

Астана қаласының «Байқоңыр» аудандық сотында «П» жеке сот орындаушысының борышкер «О» ЖШС-не лицензия, рұқсат және арнайы құқық беруге тыйым салу, сондай-ақ борышкердің құрылыс лицензиясын тоқтата тұру туралы ұсынуы қаралды.

Жеке сот орындаушысы ұсынуда оның орындауында сот берген атқару парағының негізінде қозғалған «О» ЖШС-дан азамат М.-ның пайдасына 18,6 млн.теңге мөлшеріндегі соманы өндіріп алу туралы 2022 жылғы 15 маусымдағы атқарушылық іс бар екенін көрсеткен.

Сотта еңбек дауы қаралды

22/09/2022

Қоғам дәлелді себептерсіз 3 сағат қатарынан немесе одан да көп уақыт болмауын негізге ала отырып, Д.-мен еңбек шартын бұзды.

Азаматша Д. Қоғамның еңбек шартын бұзу туралы бұйрығын заңсыз деп тану, жұмысқа қайта қабылдау, жұмыстан мәжбүрлі босату кезіндегі еңбекақыны және моральдық зиянды өтеу туралы талаппен Астана қаласының Алматы аудандық сотына жүгінді.

Тараптар қарызды қайтару туралы дау бойынша сотта татуласты

22/09/2022

Азамат Е. бұзылған құқықтарын қорғау үшін Астана қаласының Алматы аудандық сотына жеке кәсіпкерге жиһаз дайындау жөніндегі шартқа сәйкес төлеген 850 мың теңге мөлшеріндегі ақша сомасын қайтарып алу туралы талаппен  жүгінді.

Қызмет көрсетушінің тарапынан міндеттемелердің тиісінше орындалмауы сотқа жүгінуге себеп болды. Яғни ол жиһазды дайындамаған.