Архив событий

28/09/2022

Сот М.Т. Жыланбаевтың шағымын қарады

28/09/2022

2022 жылғы 28 қыркүйекте Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық сот отырысында М.Т. Жыланбаевтың полиция қаулысын заңсыз деп тану туралы шағымы қаралды.

Астана қаласы Сарыарқа ауданы полиция басқармасының 03.08.2022 жылғы қаулысымен М.Т. Жыланбаев ӘҚБтК-нің 489-бабының 10-бөлігі бойынша 50 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындала отырып, «Алға Қазақстан» партиясына қосылуға шақыру парақшаларын таратқаны үшін әкімшілік жауаптылыққа  тартылды.

Осы қаулымен келіспей, М.Жыланбаев сотқа шағым түсірді.

Сот борышкердің құқығын қорғады және электрондық аукцион нәтижелерінің күшін жойды

28/09/2022

Соттың 2020 жылғы 16 наурыздағы заңды күшіне енген шешімімен Б-дан 47 млн. теңге сомасында берешек өндіріліп алынды, сату кезінде бастапқы құнын 106 млн. теңге белгілей отырып, жер учаскесі бар тұрғын үй түріндегі кепіл мүлкіне өндіріп алу қолданылған.

2020 жылғы 23 маусымда сауда-саттық өткізілді, жылжымайтын мүлік « А..» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сатылған.

Б. жеке сот орындаушысының тыйым салынған мүлікті сатуға қатысты әрекеттеріне дау айтты, соттың 2020 жылғы 20 қазандағы шешімімен талап қанағаттандырудан бас тартылды.

Заңды тұлғаның бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

28/09/2022

«Ш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментіне табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын жою туралы нұсқаманы заңсыз деп тану және күшін жою туралы талаппен сотқа жүгінді.

Елорданың әкімшілік сотының шешімімен талап қанағаттандырылды.

Сот орындаушысымен атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулының күші жойылды

28/09/2022

2022 жылғы 20 қыркүйекте Астана қаласының МАӘС-ке Н.-ның атқарушылық іс жүргізуді қозғау жөніндегі жеке сот орындаушысының іс-әрекеттерін даулау туралы талабы келіп түсті. Талап соттың атқарушылық парағын бұзушылықтармен жазып беруімен және АПК-нің 241-бабы 4-бөлігінің талаптарына сәйкес келмеуімен уәжделген.

Талапкердің пікірінше, көрсетілген негіздер бойынша жауапкер атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығаруы тиіс болған.

Дауларды сотқа дейін реттеу мәселелері талқыланды

28/09/2022

Елордалық сотта «Медиация, партисипативтік келісім - дауды шешудің тиімді тәсілі ретінде. Дауды сотқа дейін реттеу. Азаматтық сот ісін жүргізудегі татуластыру рәсімдері» атты тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға азаматтық істерді қарауға маманданған Астана қаласының аудандық соттарының төрағалары мен судьялары, Татуласу орталығының, прокуратураның, Әділет департаментінің, Астана қаласының ішкі саясат басқармасының өкілдері, адвокаттар алқасының, Нотариаттық палатаның, заң консультанттары палатасының төрағасы, медиаторлар қатысты.

Шартты жарамсыз деп тану туралы дау бойынша медиативтік келісім жасалды

28/09/2022

Азамат шартты жарамсыз деп тану туралы «Р.» микроқаржы ұйымына талап қоюмен  сотқа жүгінді.

Сотпен талапкер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің арасында қарыз беруге арналған шарт ресімделгені анықталды, оның шарттары бойынша жауапкер талапкерге ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен микрокредит берген.

Татуластыру рәсімін жүргізу кезінде сот тараптарға медиацияның дауды тараптардың өз перспективаларын, басымдықтары мен мүдделерін де, басқа тараптарды да түсінуі арқылы шешу екенін түсіндірді, бұл жанжалды бірлесіп жеңуге ықпал етеді.

Сот шешімімен сапасыз жиһаз дайындағаны үшін келтірілген залал өтелді

28/09/2022

Азамат жауапкерге шартты бұзу, соманы өндіріп алу, бүлінген мүліктің құнын өндіріп алу және моральдық зиянды өтеу туралы талаппен сотқа жүгінді.

Сот тапсырыс беруші мен орындаушы арасында жиһаз жасау мен оны орнатуға шарттық қатынастар қалыптасқанын анықтады.

Тапсырыс берушімен шарт бойынша 1 млн.теңге мөлшерінде төлем жүргізілген.