Архив событий

05/09/2022

Сот энергия беруші ұйымның бұзылған құқығын қорғады

05/09/2022

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 14 маусымдағы шешімімен энергия беруші АҚ ұйымының 4,1 млн. теңге сомасын өндіріп алу туралы «М» бау-бақша, саяжай (жер) учаскелері меншік иелерінің тұтыну кооперативіне қойған талабы қанағаттандырылды.

Жоспарлы тексеру барысында «саяжай» объектісінде энергия беруші ұйымның жауапкер басшысының көзінше электр желілеріне өз бетімен қосылғаны 2021 жылғы 14 қаңтарда сотта анықталды. Бұл туралы акт жасалды.

Сот көлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша үкім шығарды

05/09/2022

2022 жылғы 10 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты автомобильді заңсыз иелену фактісі бойынша К-ға қатысты айыптау үкімін шығарды (ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі).

Сотта анықталғаны:

2022 жылғы 30 мамырда К. бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жатып, үйге бара жатып, жолда тұрған автокөлік салонына кірген және ұрланған көлік құралын өз қалауы бойынша басқарған.

Сотталушы К. қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді.

Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық

05/09/2022

2022 жылғы 18 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша Ж-ға қатысты айыптау үкімін шығарды (ҚК 106-бабы 3-бөлігі).

Сотта анықталғаны:

2021 жылғы 9 шілдеде масаң күйде болған Ж. мен  құрылыс объектісінің күзетшісінің арасында сөз қақтығысы орын алған. Кейін Ж. күзетшінің басы мен бетіне орынсыз соққы келтірген. Соққы нәтижесінен жәбірленуші тепе-теңдікті сақтай алмай, металл арматураға құлап, есінен танып,  оқиға орнында қайтыс болған.

Адвокаттар алқасының дауланған шешімін сот өзгеріссіз қалдырды

05/09/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Адвокаттар алқасының шешімімен адвокат С.-ға қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілік шарасы қолданылды. Адвокат осы шешімді сотта даулады.

Сотта адвокаттың клиенттен өз қызметі үшін 300 мың теңге сомасында қаламақы алып, сотта оның мүдделерін білдіру жөнінде онымен шарт (келісім) жасаспағаны анықталды. Сондай-ақ, адвокат қаламақы алғандығы туралы  төлем құжат бермеген. Адвокат клиенттің мүдделерін тек сенімхат бойынша білдірген.

Кәмелетке толмаған баланың құқықтары татуластыру рәсімі барысында қалпына келтірілді

05/09/2022

Азамат С. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне мүгедектікті анықтаудан бас тарту туралы  іс-әрекетті заңсыз деп тану жөнінде талап қойып, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінді.

Сот жұмыскердің құқығын қалпына келтірді

05/09/2022

Бірінші сатыдағы соттың шешімімен жұмыскердің құқықтары қалпына келтірілді.

Жұмыс берушіден жұмыскердің пайдасына 221 мың теңге көлемінде төленбеген жалақы, пайдаланылмаған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшін өтемақы және 250 000 теңге моральдық зиян өндірілді. Жұмыс берушіге талап қоюшының еңбек кітапшасына жұмысқа қабылданғаны және өз еркімен жұмыстан босатылғаны туралы жазба түсіру міндеті жүктелді.

Талап қоюшы сот өндірген моральдық зиян сомасын ұлғайтуды сұрап осы шешімге апелляциялық тәртіппен шағымданды.

Сот тұрғындардың жалпы жиналыстың хаттамасына шағымдану туралы қойған талабынан бас тартты

05/09/2022

Елорданың көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің бірінің бес тұрғыны басқарушы компанияның мүлік иелері бірлестігінің (бұдан әрі - МИБ) төрағасын сайлау туралы жалпы жиналыстың хаттамасына шағымдану жөнінде сотқа шағым түсірді.