Архив событий

29/07/2022

Апелляция кәсіпкердің құқығын қорғады

29/07/2022

Елордалық соттың аппеляциясы Компания басшылығының іс-әрекеттерінде тауарларды жеткізуге арналған өтінімді орындау мерзімдерін бұзуды қарап, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың кәсіпкер - Ж.-ны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы шешімінің күшін жойды.

Компанияның кәсіпкерге тауарды жеткізу үшін 1 күн беріп, алдын ала орындалмайтын мерзімді тағайындағаны  анықталды.

Мемлекеттік сатып алу туралы заң бойынша мұндай мерзімдер 15 күннен кем болмауы тиіс.

Банк сотта өз құқықтарын қорғады

29/07/2022

Талаптың мәні:

2021 жылдың соңында елорда тұрғыны М.-ға өзін Хоум Кредит Банктің қауіпсіздік қызметі қызметкері деп таныстырған ер адам қоңырау шалып, оның атына кредит рәсімделгенін және оны жою үшін банктің мобильді қосымшасын жүктеп, оның айтқан нұсқауларын орындауы керек екенін жеткізген. 

Сол күні әйел өзінің атына жалпы сомасы 1 750 000 теңге болатын екі кредиттің рәсімделгені белгілі болады.

Осыдан кейін М. полицияға жүгініп, сотқа арыз береді.

Банк пен қарыз алушы 40 млн. теңгеден астам соманы құрайтын дауды реттеді

29/07/2022

Отбасы банк қарыз алушы К. - ге берешек сомасын өндіріп алу және кепілге салынған мүліктен өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Есіл аудандық сотының шешімімен банктің пайдасына 9 млн. теңгеден астам қарыз сомасы өндірілді. Сот сондай-ақ бастапқы сату құнын 42 млн. теңгеден астам соммада белгілей отырып, пәтер түріндегі кепіл мүлкін өндіріп алды.

Істі апелляциялық сатыдағы сотта қарау барысында тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтініш келіп түсті. Тараптар аталған келісімді бекітуді және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Апелляциямен аумақтық соттылық айқындалды

29/07/2022

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 20 шілдедегі ұйғарымымен Алматы аудандық сотының 2022 жылғы 27 маусымдағы «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ-ның С-ға, Р-ға қатысты соманы өндіріп алу туралы талабына сәйкес азаматтық іс бойынша ұйғарымның күші жойылды.

Бірінші сатыдағы сот талапты қайтарудың негіздемесіне АПК-нің 30-бабының 6-бөлігін көрсеткен, оған сәйкес орындалатын орны көрсетілген шарттардан туындайтын талаптар шарттың орындалатын орны бойынша да берілуі мүмкін.