Архив событий

14/07/2022

Сот татуласу келісімін бекітті

14/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «А» АҚ «Д» ЖШС-ға 250 млн.теңгеден астам соманы өндіріп алу туралы талаппен жүгінді.

Татуластырушы судья тараптардың өкілдерімен (онлайн арқылы) кездесу ұйымдастырды. Әңгімеге қатысу үшін екі тарап та қосылды.

Кейін сотқа тараптардан дауды (жанжалды) медиация тәртібімен шешу туралы келісімді бекіту туралы арыз келіп түсті.

Сот талап қоюшы жауапкерге берешек сомасын өндіріп алу туралы өзінің талаптарынан бас тартқан келісімді бекітті.