Банк сотта өз құқықтарын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талаптың мәні:

2021 жылдың соңында елорда тұрғыны М.-ға өзін Хоум Кредит Банктің қауіпсіздік қызметі қызметкері деп таныстырған ер адам қоңырау шалып, оның атына кредит рәсімделгенін және оны жою үшін банктің мобильді қосымшасын жүктеп, оның айтқан нұсқауларын орындауы керек екенін жеткізген. 

Сол күні әйел өзінің атына жалпы сомасы 1 750 000 теңге болатын екі кредиттің рәсімделгені белгілі болады.

Осыдан кейін М. полицияға жүгініп, сотқа арыз береді.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2022 жылғы 26 сәуірдегі шешімімен осы кредиттік шарттар жарамсыз деп танылды.

Апелляцияның шешімі

Апелляциялық саты іс материалдары мен апелляциялық шағымның дәлелдерін зерделеп, аудандық сот шешімінің күшін жойды.

Талап қоюшының өз еркінен тыс оның атына кредит бергені туралы дәлелдері сотта сенімді дәлелдермен расталмады.

Клиенттің өзінің және оның мобильді құрылғысының қатысуынсыз кредитті рәсімдеу мүмкін емес екені анықталды. Даулы шарттарға талап қоюшының электрондық цифрлық қолтаңбасы да қойылған.

Алқа іс бойынша жаңа шешім шығарды.

М. - ның банкке кредиттік шарттарды жарамсыз деп тану туралы талабын қанағаттандырудан бас тартылды.

Бұдан басқа, үшінші тұлғалардың алдау әрекеті заңды күшіне енген айыптау үкімімен не қылмыстық қудалау органының қылмыстық істі ақталмайтын негіздер бойынша қысқарту туралы қаулысымен дәлелденуі тиіс екенін білген абзал.

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі