Архив событий

16/07/2022

Мемлекеттік органмен дау бейбіт жолмен шешілді

16/07/2022

Нұр-Cұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында азаматша Т-ның Нұр-Cұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына қатысты іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, азаматша Т. ағымдағы жылдың сәуірінде Басқармаға тұрғын үйге мұқтаж адамдарды есепке қою туралы арызын жіберген.  Алайда, оған үш жылдық тіркеудің болмауына байланысты бас тартылған.

Талапкер өз арызында мемлекеттік органның әрекетін заңсыз деп тануды және тұрғын үй кезегіне қоюға мемлекеттік органды міндеттеуді сұраған.