Архив событий

01/07/2022

Сот «Нұрлы Жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ақшаны ұрлау фактісі бойынша үкім шығарды

01/07/2022

Елорданың Есіл ауданы № 2 аудандық соты 2022 жылғы 1 шілдеде «Нұрлы Жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары М. мен «Еңбек Өскемен» мекемесінің оңалтушы басқарушысы К.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды. Олар сөз байласып, мердігерлік құрылыс ұйымының басшысы Т.- ның жәрдемімен 179,4 млн. теңге бюджет ақшасын ұрлаған.

   

Жазалау туралы шешім

ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағының санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Елордада пікірталас клубы өз жұмысын бастады

01/07/2022

2021 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі - ӘРПК) қолданысқа енгізілді, елімізде әкімшілік әділет жүйесінің толыққанды жүйесі іске қосылды.

Әкімшілік әділет - құқықтық мемлекеттің, мемлекеттік басқарудың және әкімшілік құқықтың маңызды атрибуты болып табылады.

Жариялы-құқықтық дауларды жаңа қағидаттар бойынша қарайтын жаңа әкімшілік соттар құрылды.

Бір жыл ішінде мемлекеттік органдармен дауларды қарау бойынша жаңа сот практикасы пысықтала бастады.

Бомба туралы жалған хабарлама жіберген адам сотталды

01/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық соты 2022 жылғы 1 шілдеде терроризм актісі туралы жалған хабарлау фактісі бойынша Т. - ға қатысты айыптау үкімін шығарды (ҚК-нің 273-бабы).    

Сотта мына мән-жайлар анықталды:

Т. көршісінің үнемі тыныштықты бұзуына байланысты, 2022 жылдың қаңтарында оның атынан бомба қойылғаны туралы хабарлау арқылы кек алуға шешім қабылдады.