Архив событий

08/07/2022

Кәмелетке толмағандардың ата-аналары істі дайындау сатысында татуласты

08/07/2022

Нұр-Cұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты В-ның  Э-ге қатысты анасымен бірге балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы талабы бойынша медиативтік келісім жасасты.

Іс материалдарынан кәмелетке толмаған балалардың әкесімен бірге тұрғаны белгілі болды. Істі сот талқылауына дайындау кезеңінде тараптар өзара ортақ шешім қабылдап, кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін анасымен бірге деп анықтады.

Осы мәселе бойынша медиативтік келісім бекітілді.

Сот жеткізілген тауар үшін борышты өндіріп алды

08/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «С» ЖШС жауапкер «ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы комитеті» РММ-нен берешекті өндіріп алу туралы талабымен жүгінді.

РММ мен ЖШС-ның арасында шарт жасалды, оның талаптары бойынша орындаушы заттай мүлікті жеткізуге, алушы шарт бойынша орындаушы өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда қабылдауға, ал тапсырыс беруші тауарлардың құнын төлеуге міндеттенеді.

Сот борышты өндіріп алу туралы істі қарады

08/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «А» ЖШС-ның жауапкер «К» АҚ-на берешекті өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап 2019 жылы талап қоюшы  мен жауапкер арасында тауарларды сатып алу туралы келісім жасалғандығымен негізделген. Өнім беруші шарттың талаптарын бұза отырып, тауардың толық емес жиынтығын жеткізді. Нәтижесінде  тапсырыс беруші шартты біржақты тәртіппен бұзды.

Сот ЖСО-ға ақшалай өндіріп алу шарасын қолданды

08/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік соты М-ның талабы бойынша әкімшілік істі қарау барысында «К» ЖСО-ға ақшалай өндіріп алу түрінде процестік мәжбүрлеу шарасын қолданды.

Мәселен, әкімшілік істі сот талқылауына дайындау мақсатында 2022 жылғы 15 наурыздағы ұйғарыммен сот жауапкер - ЖСО-на 29 наурызға дейінгі мерзімде сотқа жазбаша пікір мен атқарушылық іс жүргізудің көшірмесін ұсынуға міндеттеді.

Бұл ұйғарым жауапкерге электронды пошта арқылы жіберіліп, жеткізілді.

ӘРПК-нің 123-бабына сәйкес процестік  мәжбүрлеу шараларының біріне ақшалай өндіріп алу жатады.

Қ.Боранбаевты күзетпен ұстау бұлтартпау мерзімі ұзартылды

08/07/2022

2022 жылғы 8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С. Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты.

                                                         

Апелляция контрабандалық іс бойынша үкімді өзгертті

08/07/2022

2022 жылғы 5 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы А. Портнягинге қатысты аса ірі мөлшерде мәдени құндылықтар мен ұлттық мәдени игілік объектілерін ҚР шегінен тыс жерге заңсыз әкету фактісі бойынша үкімді өзгертті. 

Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының 2022 жылғы 23 мамырдағы үкімімен А. Г. Портнягин 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталды. Осы үкіммен мамонттардың мүйізінің 83 фрагменті "Чондон" көшпелі рулық қоғамдастығының ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне қайтарылды.