Апелляция кәсіпкердің құқығын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елордалық соттың аппеляциясы Компания басшылығының іс-әрекеттерінде тауарларды жеткізуге арналған өтінімді орындау мерзімдерін бұзуды қарап, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың кәсіпкер - Ж.-ны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы шешімінің күшін жойды.

Компанияның кәсіпкерге тауарды жеткізу үшін 1 күн беріп, алдын ала орындалмайтын мерзімді тағайындағаны  анықталды.

Мемлекеттік сатып алу туралы заң бойынша мұндай мерзімдер 15 күннен кем болмауы тиіс.

Тауардың жеткізілмеуіне байланысты Компания бірден кәсіпкерге шартты бұзу туралы хабарлама жіберіп, оны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арыз берген, оны апелляция заңсыз деп таныды.

Қайнар: 
Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі