Архив событий

25/07/2022

Қызметі бойынша жалпы қамқорлығы үшін қылмыстық жауаптылықужбе

25/07/2022

2022 жылғы 25 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты бірнеше рет пара алушы адамның мүддесі үшін қызметі бойынша жалпы қамқорлық жасау фактісі бойынша А-ға қатысты айыптау үкімін шығарды (ҚК-нің 253-бабы 5-бөлігі 2-тармағы).

Сот анықтады

Параға коммерциялық сатып алу фактісі бойынша үкім шығарылды

25/07/2022

2022 жылғы 22 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты пара алушы адамның мүддесі үшін қызметі бойынша бірнеше рет жалпы қамқорлық жасау фактісі бойынша (ҚК-нің 253-бабы 5-бөлігінің 2-тармағы) М-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Сот анықтады:

Алқа төрағасы ЖС-ның әкімшілік істер бойынша сот актілерінің жинағын таныстырды

25/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы Дамир Әбдіғалиев жұмыс кездесуі барысында бірінші және апелляциялық сатылардағы судьяларға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер бойынша 2022 жылғы бірінші  жартыжылдықтағы сот актілерінің жинағын таныстырды.

Жинақтар мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьяларына практикалық көмек көрсету мақсатында әзірленді және ұсынымдық сипатта болады.

 

Үлескер мен құрылысшы сотта татуласты

25/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» аудандық сотында А.-ның «А» ЖШС-не қатысты мүлікке меншік құқығын тану туралы талабы бойынша азаматтық іс медиативтік келісімді бекітумен аяқталды.

Осылайша, талапкер А. сотқа жүгініп, жауапкер «А» ЖШС-ның оның пәтерге және тұрғын үйдегі екі тұрақ орнына меншік құқығын мойындауды сұраған және олар бойынша төлемді талапкер толығымен төлеп қойған.

Тұтынушының сумен жабдықтауға қатысты құқығы қорғалды

25/07/2022

Талапкер К. «Байқоңыр» аудандық сотына жауапкер «А» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның суды өшіру жөніндегі әрекеттерін заңсыз деп тану және талапкердің объектісін сумен жабдықтауға қосуға мәжбүрлеу туралы талабымен жүгінді.

Қарыз бойынша дау медиация тәртібімен шешілді

25/07/2022

Алматы аудандық соты Қ-ның микроқаржы ұйымына қарыз шартын жарамсыз деп тану туралы талабы бойынша медиативтік келісімді бекіту туралы ұйғарым шығара отырып, азаматтық істі қарады.

Даудың мәні – Қ. қарыз алу үшін микроқаржы ұйымына жүгінген, ақша ала отырып, шарттың талаптарына қол қойған. Бірақ, кейін қарызды өтеумен байланысты қиындықтар туындаған. Салдарынан қарыз алушы жасалған шарттың талаптарын заңға сәйкес емес деп санап, сотқа жүгінді.

Сот банкке банк кепілдігін аударуды міндеттеді

25/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талапкер «Г» екінші деңгейдегі «Д» банкіне банк кепілдігінің сомасын аудару міндетін жүктеу туралы талаппен жүгінді.

2022 жылғы 29 сәуірдегі сот шешімімен талап қанағаттандырылды.

Сот тұрғын үй алу құқығын қалпына келтірді

25/07/2022

2021 жылғы 23 тамызда елорда тұрғыны  Қ. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына «бюджеттік ұйым қызметкері» санаты бойынша тұрғын үй алуға мұқтаж адамдарды есепке қою туралы өтінішпен жүгінген.

2021 жылғы 02 қыркүйекте дәлелді бас тартылған. Бас тартуға Нұр-Сұлтан қаласында кемінде үш жыл тұрақты тіркеудің болмауы негіз болған.

Азамат Қ. мемлекеттік органның шешімімен келіспей, оны заңсыз деп тану және бас тартуды жою туралы әкімшілік талаппен сотқа жүгінген.

Мамандар үшін семинар сабағы өткізілді

25/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС-та «ӘРПК бойынша сот актілерін орындау тәртібі» атты тақырыбында семинар өткізілді, оған кеңсе меңгерушісі мен мамандар қатысты.

Сот отырысының бас маманы-хатшысы Мария Шодорова өз баяндамасында сот актілеріне шағымдану мерзімдерін түсіндірді. Мәселен, әкімшілік істер бойынша сот шешімі түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап екі ай өткен соң заңды күшіне енеді. Апелляциялық шағым түскен жағдайда тараптарға апелляциялық алқаның қаулысы тапсырылған күннен бастап бір ай өткеннен кейін..