Архив событий

21/07/2022

Лицензиядағы қате бейбіт жолмен түзетілді

21/07/2022

Талапкер А. Министрлікті өзіне берілген лицензиядағы қателерді түзетуге мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінді.

Талап түскеннен кейін судья татуласу туралы келісім жасасу құқығын, татуластыру рәсімдерінің салдары мен перспективаларын түсіндірді.

Тараптар келіссөздер үстеліне отырып,  даудың мән-жайларына байланысты медиация туралы келісімге келді.

Келісімнің шарттары бойынша жауапкер бұған дейін берілген лицензияда қателер бар екенін растады.

Сот жеке заңды тұлғаның құқығын қорғады

21/07/2022

«А» ЖШС-ы «Г» ММ-нен көрсетілген қызметтер үшін 30,1 млн.теңге мөлшерінде берешекті өндіріп алу үшін сотқа жүгінді.

Азаматтық істі қарау барысында «А» ЖШС қосалқы мердігер ретінде квазимемлекеттік кәсіпорын - «Б» АҚ үшін монтаждау қызметтерін көрсеткені анықталды, онда мердігер ретінде көрсетілген қызметтер қабылданған, бірақ тапсырыс беруші – мемлекеттік мекеме ақысын төлемеген.

Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды

21/07/2022

Ағымдағы жылғы 20 шілдеде М. атты азамат ҚР Жоғарғы Сот ғимаратының алдында үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеуге оқталған.

Оған қатысты «Ұсақ бұзақылық» (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

М.-нің түсініктемесі бойынша ол Түркістан облысының бірінші сатылы сотында бүгінгі күні қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің ағасы болып табылады.