Архив событий

13/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласы сотының жаңа төрағасы таныстырылды

13/07/2022

Бүгін ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов сот ұжымына Нұр-Сұлтан қаласы сотының жаңа төрағасы Жұмағұлов Ақан Маратұлын таныстырды.

Бұрын Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасын басқарған Ақан Жұмағұлов Президенттің 2022 жылғы 11 шілдедегі Жарлығымен елорданың қалалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.