Архив событий

26/07/2022

Табиғат пайдаланушының әкімшілік талабы қанағаттандырылды

26/07/2022

Кәсіпорын «Жол берілетін ықпал ету нормативтері» жобасы бойынша II санаттағы объектіге әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасына өтінішпен жүгінген.

Қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік орган рұқсат беруден бас тартқан.

Кәсіпорын бұл шешіммен келіспей, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талаппен жүгінген.

Сотта мемлекеттік орган ұсынған дәлелді бас тарту әкімшілік актіге қойылатын жалпы талаптарға жауап бермейтіні анықталды.

Мемлекеттік органмен кезекті дау бітімгершілік арқылы реттелді

26/07/2022

2022 жылғы 6 мамырда «Е» «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» мемлекеттік мекемесіне қатысты әрекеттерді даулау және бұзушылықтарды жоюға мәжбүрлеу туралы әкімшілік талаппен сотқа жүгінген.

Талап Департаменттің аудиторлық есебімен келіспей, серіктестік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің апелляциялық комиссиясына есеппен келіспейтінін білдіріп, қарсылық жолдаған.

Алайда, жауапкер олардың шағымынан іс жүзінде бас тартып, қарсылық беру тәртібі мен мерзімдері бұзылғанын көрсете отырып, өтініштің мәні бойынша дәлелді шешім бермеген.

Сот «Sport City» ТК тұрғындарының талап қоюы бойынша шешім шығарды

26/07/2022

2022 жылғы 26 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты елорданың 7 тұрғынының Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, қаланың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына қала әкімдігінің қаулыларын заңсыз деп тану және күшін жою, жол берілген бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама беруге мәжбүрлеу туралы талап қоюы бойынша істі қарады.

Талап қоюшылардың талаптары: