Архив событий

20/07/2022

Сот ЖСО-ға ақшалай өндіріп алуды қолданды

20/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «А»-ның талабы бойынша әкімшілік істі қарау барысында ЖСО «С»-ға ақшалай өндіріп алу түрінде процестік мәжбүрлеу шарасын қолданды.

Мәселен, әкімшілік істі сот талқылауына дайындау мақсатында 2022 жылғы 06 маусымдағы ұйғарыммен сот жауапкер – ЖСО «С»-ға 13 маусымға дейінгі мерзімде сотқа жазбаша пікір мен атқарушылық іс жүргізу материалдарының түпнұсқаларын ұсынуды міндеттеді.

Аталған ұйғарым жауапкерге «Сот кабинеті» сервисі бойынша жіберіліп, жеткізілді.