Архив событий

18/07/2022

Татуластыру рәсімі өткізілді

18/07/2022

Нұр-Cұлтан қаласы Сарыарқа аудандық соты Ж-ның «О» және «T» ЖШС-не электр энергиясын ажырату әрекеттерін заңсыз деп тану және электр энергиясын қосуға міндеттеу туралы талабы бойынша татуластыру рәсімін жүргізді.

Талап жауапкерлердің талапкердің пәтеріне берілетін электр энергиясын өшіргендігімен, осыған байланысты талапкер 10 күн бойы қолайсыздықты бастан кешіріп, пәтерді жөндеумен айналыса алмауымен, азық-түліктің бұзылуымен уәжделген.

МҚҰ-мен дау медиация тәртібімен реттелген

18/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотына микроқаржы ұйымынан жауапкер А-дан қарыз шарты бойынша пайда болған борыш сомасын өндіріп алу туралы талап келіп түсті.

Сот талапты қабылдағанға және азаматтық іс қозғалғанға дейін татуластырушы судья татуластыру рәсімін жүргізді.

Татуластырушы судья жүргізген медиация тәртібімен тараптардың әрқайсысы өз ұсыныстарын енгізді және нәтижесінде олар келісімге қол жеткізді.

Ата-ана баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды

18/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасауда А.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс материалдарынан 2022 жылғы 17 мамырда азаматша А.-ның баласы «Фаворит» тұрғын үй кешені үйінің ауласында жатқан жерінде табылып, басқа да синтетикалық есірткілермен (желіммен) улану диагнозымен күрделі соматика бөлімшесіне жатқызылды.