Архив событий

05/07/2022

ЖШС басшысы салық төлеуден жалтарғаны үшін сотталды

05/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының № 2 соты 2022 жылғы 4 шілдеде «ЖилОтделСтрой» ЖШС-нің басшысы К. - ға қатысты айыптау үкімін жариялады. 

ЖШС басшысы нақты жұмыстар орындалмаса да және қызметтер көрсетілмесе де декларацияға шығыстар туралы көрінеу жалған деректер енгізу арқылы бюджетке салық төлеуден жалтарғаны үшін айыпталды. Ол осының нәтижесінде 138,5 млн. теңге көлемінде ірі залал келтірді.

Сот ЖШС-ға тауар белгілерін пайдалануға тыйым салды

05/07/2022

Нұр-Cұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен тауар таңбаларына айрықша құқықтарды қорғау туралы талап қанағаттандырылды.

«Д» компаниясы «J» тауар белгілерінің құқық иесі ретінде жауапкерге «А» ЖШС-на пайдалануға өз келісімін бермегенін дәлелдей отырып, жоғарыда көрсетілген талаптармен жүгінді.

Ол сотталушының әрекеті оның айрықша құқықтарын бұзады және бұзушылықтардың алдын алуға жатады деп санайды.