Архив событий

28/07/2022

МАӘС-ның татуластырушы-судьялары елордалық әкімдік қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді

28/07/2022

2022 жылғы 28 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС-да жария-құқықтық даулар бойынша татуластыру рәсімдерін түсіндіру және таныстыру мақсатында онлайн-режимде «Әкімшілік істер бойынша татуластыру келісімдерін жасасу/бекіту практикасы», «Процестік мәжбүрлеу шаралары» тақырыбында елорда әкімдігі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Жер және тұрғын үй даулары әкімшілік сот қарайтын істердің едәуір бөлігін құрайды.

Жергілікті атқарушы органның ӘРПК нормаларын дұрыс түсінуі және қолдануы азаматтардың мемлекеттік аппарат жүйесіне деген сенімін арттырады.

«Инвестмент-18» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

28/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының № 2 аудандық сотының 2022 жылғы 26 сәуірдегі үкімімен А., Т. 7 жылға дейін ақша қаражатын тартумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, қаржы пирамидасын құрғаны үшін 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға сотталды (ҚК 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағы).

«WhatsApp» желісінде топтық чаттар арқылы 35-тен астам жәбірленушіден ақша қаражатын алып, соңғыларына аса ірі көлемде материалдық залал келтіргендері үшін А. және Т. қаржы пирамидасын құруда  кінәлі деп танылған.

SMS-хат алмасу кісі өліміне себеп болды

28/07/2022

Нұр-Султан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2022 жылғы 24 мамырдағы үкімімен азамат Т. кісі өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған (ҚК 99-бабы 1-бөлігі).

"WhatsApp" топтық чатындағы таныс адамнан түскен SMS жанжалға себеп болған. Одан кейінгі кездесуде сотталған мен жәбірленуші арасындағы жанжал жалғасып, Т. пышақпен танысының жүрек тұсына бір соққы берген.

ҚК 99-бабының 1-бөлігі санкциясы 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

«Қазпочта» акционерлік қоғамдастығына 294 млн. теңгеден астам сомаға залал келтірген тұлғалар сотталды

28/07/2022

2022 жылғы 27 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталғандарды ұрлық және алаяқтық жасағаны үшін жазалау бөлігінде үкімді өзгеріссіз қалдырып, тек сотталғандардың автокөліктерінен тыйым салуды алып тастаған, себебі, тергеу автокөліктердің қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынғаны туралы дәлелдемелерді ұсынбаған.

Алименттік міндеттемелер

28/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотында алиментті өндіріп алу туралы талап қаралды.

Соттың заңды күшіне енген шешімімен ерлі-зайыптылар арасындағы неке бұзылған, баланың тұрғылықты жері анасымен бірге деп анықталған, жауапкерден ай сайын жалақысының 1/4 мөлшерінде алимент өндіріліп алынған.

Сот «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік компаниясы» Акционерлік қоғамдастығына мүліктік залал келтіру фактісі бойынша үкім шығарды

28/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты «Astana «әлеуметтік-кәсіпкерлік компаниясы» Акционерлік қоғамдастығына мүліктік залал келтіргені үшін нотариус О. мен оның сыбайласы А-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Сот мыналарды анықтады:

Ата-ана жауапкершілікке тартылды

28/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған А - ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс материалдарынан  белгілі болғаны, 2022 жылғы 29 маусымда кәмелетке толмаған Б. масаң күйде қоғамдық орында болған, өзін дұрыс ұстамаған, өтіп бара жатқан адамдарға түкіріп, балағат сөздер айтқан.

Сот құқық қорғау органдарына жұмысқа орналасу түріндегі алаяқтық фактілері бойынша үкім шығарды

28/07/2022

2022 жылғы 9 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты алаяқтықтың үш эпизоды бойынша Г.–ға қатысты айыптау үкімін шығарды (ҚК 190-бабының 1-бөлігі).

Сотта анықталғаны:

Балабақша тәрбиешісіне айыппұл салынды

28/07/2022

Ағымдағы жылдың 7 маусымында елордалық жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиеші балаға дене жарақатын келтірген, ол баланың денсаулығына жеңіл зиян болып сараланады.

Ол бойынша қатысты тұрғылықты жері бойынша учаскелік инспектор әкімшілік іс қозғап, тәрбиешінің іс-әрекетін «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы (ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі) бойынша саралады.

Сот отырысы барысында құқық бұзушы К. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді.

Электрондық аукцион қорытындылары туралы хаттама заңсыз деп танылды

28/07/2022

Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкердің автомобилі өндіріп алынды.

Мүлік сауда-саттыққа шығарылды және сатылды.

Азамат С. жеңімпаз деп танылды.

С. өз міндеттемелерін орындады, тауарды төлейді, бірақ сатып алушы қылмыстық іс шеңберінде тыйым салу түріндегі тіркелген ауыртпалыққа байланысты көлікке меншік құқығын ресімдей алмады.

Бұзылған құқықты қорғау үшін С. сотқа жүгінді.