Архив событий

27/07/2022

Сот тұтынушының құқығын қорғады

27/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық соты Г-ның «Д.» ЖК-ға сатып алынған тауар үшін төленген соманы өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша шешім шығарды.

Атап айтқанда, талап қоюшы тон сатып алған және екі күннен кейін салонға наразылықпен жүгінген. Талап қоюшы төленген соманы жауапкер қайтарудан бас тартқаннан кейін талап қоюмен сотқа жүгінді.

Сот істі қарау барысында тұтынушы К-ның Заңның 13-бабында көзделген құқықтарының, атап айтқанда тауардың тиісті сапасына қатысты құқығының бұзылғанын анықтады.

Сот нотариустың атқарушылық жазбаларының күшін жойды

27/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы»  ауданының прокуроры жеке нотариусқа атқарушылық жазбаның күшін жою туралы талап қоюымен төмендегілерді уәждей отырып, сотқа жүгінді.

2019 жылғы наурызда нотариус ЖШС-дан жалақы бойынша берешекті бірнеше адамның пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық жазбалар жасаған.

Іс материалдарынан белгілі болғаны, қызметкерлердің шотына зейнетақы және сақтандыру аударымдары қызметкерлердің өздерінде тіркелген ЖК арқылы жүргізілген.

Мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болады?

27/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Соттар әкімшісінің персоналды басқару бөлімі еңбек шарты бойынша жұмысқа тартылған қызметкерлер үшін семинар-тренинг ұйымдастырды.

Мемлекеттік қызметке кіру үшін дайындық курстары мен біліктілікті арттыру шеңберінде өткізілген тренингте спикер ретінде оқыту орталығының басшысы Айгүл Сәрсенова сөз сөйледі.

Сот Кіші Талдыкөл көліндегі құрылысқа тексеріс жүргізу туралы іс бойынша шешім шығарды

27/07/2022

2022 жылғы 27 шілдеде Нұр-Сұлтан  қаласының МАӘС «Аqiqat «Корпоративтік заңгерлердің коалициясы» қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан  қаласының әкімдігіне қатысты талабы бойынша істі қарады.

Істің мән-жайлары:

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік сотына келесі талаптармен әкімшілік талап қою келіп түсті:

- өтініштердің дәлелдерін тексермеуде Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының әрекетсіздігін заңсыз деп тану;

Сот жемқорлық құқық бұзушылық бойынша үкім шығарды

27/07/2022

2022 жылғы 27 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының №2 соты К-ға, Д-ға және Г-ге қатысты айыптау үкімін шығарды.

Тағылған айып:

Тергеу барысында К. 47 000 АҚШ доллары сомасында Д-ның ақшасын алаяқтық жасау арқылы жымқырғаны және оны өкілеттіктеріне, құзыреті  мен мүмкіндіктеріне Д-ны Астана медицина университетінің ректоры етіп тағайындау туралы мәселелерді шешу кіретін жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға пара беруге итермелегені үшін айыпталды.