Балабақша тәрбиешісіне айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 7 маусымында елордалық жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиеші балаға дене жарақатын келтірген, ол баланың денсаулығына жеңіл зиян болып сараланады.

Ол бойынша қатысты тұрғылықты жері бойынша учаскелік инспектор әкімшілік іс қозғап, тәрбиешінің іс-әрекетін «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы (ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі) бойынша саралады.

Сот отырысы барысында құқық бұзушы К. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді.

Сот К-ны балаға дене жарақатын келтіргені ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салған.

Баптың санкциясы 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуды көздейді.

Сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайы ретінде К-ның асырауында жас баласының болуын және жасаған ісіне өкінуін ескерген.

ӘҚБтК-нің 50-бабының 2-бөлігіне сәйкес жүкті әйелдерге және он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге әкімшілік қамаққа алуды қолдануға болмайды.

Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде көрінеу жас балаға қатысты құқық бұзушылықтың жасалуы танылды.

Осы әрекеттің сипатын, асырауында он төрт жасқа дейінгі баласы бар кінәлі адамның жеке басын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын ескере отырып, сотпен 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, бұл 45 945 теңгені құрайды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты