«Қазпочта» акционерлік қоғамдастығына 294 млн. теңгеден астам сомаға залал келтірген тұлғалар сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2022 жылғы 27 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталғандарды ұрлық және алаяқтық жасағаны үшін жазалау бөлігінде үкімді өзгеріссіз қалдырып, тек сотталғандардың автокөліктерінен тыйым салуды алып тастаған, себебі, тергеу автокөліктердің қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынғаны туралы дәлелдемелерді ұсынбаған.

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотымен Б., Ж., Д. және Л. 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға сотталған. Олар "Қазпошта" АҚ-нын жалпы сомасы 294 млн. теңгеден астам аса ірі мөлшердегі ақша қаражатын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған.

Сотта анықталғаны:

Сотталғандар белгісіз адамдармен бірге алдын ала сөз байласып, пандемия кезеңін пайдалана отырып, азаматтарға екінші деңгейдегі банктерден банк шоттарын ашуды ұсынып және ақшалай сыйақы үшін 10 000-нан 100 000 теңгеге дейін олардан банк карталарын сатып алып, деректерді белгісіз «хакерлерге» жіберген.

«Хакерлер» «Қазпошта» АҚ интернет-ресурсында қызметтерді пайдаланушы ретінде ресейлік IP-мекенжайлардан төлем жүйесіне кіру үшін 14 аккаунтты тіркеген, төлем операцияларын жүргізіп, «Қазпошта» АҚ шотынан ақша қаражатын есептен шығарып, оларды алдын ала дайындалған карточкалық шоттарға және ұялы компаниялар операторларының абоненттік нөмірлеріне аударған.

Б., Ж., Д. сондай-ақ, бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Белгісіз адамдар «Қазпошта» АҚ филиалдарының шалғай бөлімшелеріне қоңырау шалып, өздерін бас кеңсенің IT-бөлімінің қызметкерлеріміз деп таныстырған және төлем жүйесін баптау немесе жаңарту сылтауымен бөлімше операторларын жаңылыстырған, ал олар белгісіз тұлғалардың барлық нұсқауларын орындай отырып, іс жүзінде ақша қаражатын есептен шығару бойынша заңсыз операциялар жүргізген.

Содан кейін олар ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаны алу үшін басқа шоттарға жіберген, ақшаның бір бөлігі карточкалық шоттардан қолма-қол шешіліп алынған, ал екінші  бөлігі криптовалютаны белгісіз тұлғалардың криптокошелькаларына аудару арқылы сатып алуға бағытталған.

«Қазпошта» АҚ залалды өндіріп алу үшін азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну туралы шешім қабылдаған.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі