Судья «Астана» радиосы арқылы банктік қарыз туралы заңды түсіндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Соңғы уақытта банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктердің, ұйымдардың сот органдарына талап – арызбен жүгінуінің елеулі артуы байқалады, негізінен банктің келісім шарттың міндеттемелерін орындауға байланысты болып келеді.

 Бұл ретте,  қарыз алушылар мен екінші деңгейдегі банктер арасындағы даулардың саны басым.

Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесін түсіндіру мақсатында Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ұ.Қанқұлов «Астана» радиосында сұхбат берді.

Сұхбат барысында судья  Ұ.Қанқұлов аталған санаттағы істердің азаматтық процессуалдық заңнамасымен көзделген мерзімдері мен қарау тәртібі жайлы статистикалық деректерді келтіріп өтті.

Сонымен  қатар, сұхбат барысында сот жүйесіне енгізілген жаңашылдықтар  мен сот төрелігін іске асыруды жақсартуға бағытталған жоспарлар талқыланды.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі