Гендерлік саясатты жүзеге асыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Гендерлік саясатты жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 Іс-шараға судья Б.Қ.Ыдырысов, сот мамандары, қалалық прокуратураның, Астана қалалық адвокаттар алқасының өкілдері және Астана қаласы ІІД ювеналды полициясының инспекторы қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында судья  Б.Қ.Ыдырысов әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияға сәйкес, әйелдерді кемсіту теңдік пен адамдық қадір-қасиетті құрметтеудің себептерін бұзатынын, әйелдердің ерлерімен тең дәрежеде өз елінің саяси, экономикалық және  мәдени өміріне қатысуына кедергі жасайтыны, қоғам мен отбасының әл-ауқатының өсуіне кедергі жасайтынын, әйелдердің өз елдері мен адамзаттың игілігіне толық ашылуын одан әрі қиындататынын тілге тиек етті..

Сонымен бірге, судья Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы» халыққа Жолдауына сәйкес, әлеуметтік саясаттың маңызды принциптерінің бірі әйелдерді қорғау екенін айтты.

«Аса ауыр қылмыстарды қарау кезінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілері көп кездеседі. Құқық қорғау қызметкерлері күнделікті жұмыс барысында әйелдерге қатысты барлық зорлық түрінің алдын алуды әркез бақылауға алу керек»,- деді іс-шара соңында судья Б.Қ.Ыдырысов.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі