Архив событий

03/04/2017

Экс-жұмыс беруші жалақы төлейді

03/04/2017

2016 жылы 1 маусым күні аз.Б мен «Д» ЖК арасында жеке еңбек шарты жасалып, соған сәйкес талапкер жауапкерде 2 ай бармен қызметін атқарған, бірақ соңғысы жалақы төлемеген.

Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен «Д» ЖК-дан талапкер азамат Б.-ның  пайдасына жалақы бойынша қарыз өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Компания банкрот деп танылды

03/04/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Индустрия жилья-НС» ЖШС-нің арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

ЖШС-тің негізгі қызметі тұрғын үй ғимараттарының құрылысы болды.

Сотта борышкердің 2 миллион теңгеден аса салық қарызы бар екені анықталды.

Салық заңнамасына сәйкес салық қарызын өндіру мақсатында «Астана қаласы Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, мәжбүрлеп өндірудің тәсілдері мен шараларын қолданды, алайда ол нәтиже бермеді.