Архив событий

11/04/2017

Қырғызстан Республикасы Жоғарғы сотының делегациясы елордалық сотқа іссапармен келді

11/04/2017

Бүгін елордалық соттың судьялары Қырғызстан Республикасы Жоғарғы сотының делегациясымен кездесті.

Сот төрағасы  Т.Бәрпібаев  Астана қалалық сотының құрылу тарихы жайлы сөз сөйледі.

Сот жұмысын ұйымдастыруды зерделеу шеңберінде қонақтар сот жүйесіне енгізілген электрондық технологиялармен танысып, заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері көрнекі түрде көрсетілді.

Үлескерлердің ақшасын ұрлағаны үшін сотталды

11/04/2017

 2014 жылдың 12 мамыры және  2015 жылдың 6 мамыр аралығында екі коммерциялық құрылыс мекемесінің директорлары мен риэлторлық кеңсенің иесі, Астана қаласы бас сәулетшісімен келісілмеген, сараптамадан өтпеген, жер телімдеріне және құрылыс жұмыстарын жүргізуге куәлік беретін құжаттары жоқ бола тұра,  сметалық жобалық құжаттармен  «Бай Тау» және «Sky City» көпқабатты тұрғын жайлардағы пәтерлерді сату жұмысымен айналысқан.

Олардың қылмыстық іс-әрекеттері нәтижесінде 43 жәбірленушіге өндірілмеген жалпы соммасы 1 003 052 429 теңге  шығын келтірген.

Есіл аудандық соты сот актілерінің жинағын шығарды

11/04/2017

Астана қаласы Есіл аудандық соты 2017 жылдың І тоқсанындағы өзгертілген және күші жойылған сот актілері бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Астана қалалық сотының сот қаулыларының жинағын шығарды. 

Жинақта азаматтық заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесінің өзекті мәселелері бойынша қорытылған нәтижелер ұсынылған.

Гендерлік теңдік -дамыған қоғамның кепілі

11/04/2017

Қазақстандағы гендерлік саясат барлық қоғамдық қатынастарда ерлер мен әйелдердің заңды мүдделері мен құқықтарына қатысты саланы қамтуда, сондай-ақ олардың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуде кең және кешенді тәсілді ұсынады.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында судьялар мен «Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясы» ҚБ өкілдерінің қатысуымен гендерлік саясаттың заңнамалық базасын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Астана қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық соты 2017 жылдың 1 тоқсанында жасалған жұмыстарды қорытындылады

11/04/2017

Бүгін Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында 2017 жылдың 1-ші тоқсанындағы сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау бойынша  БАҚ өкілдеріне пресс-конференция өткізілді.

 Сот өндірісіне 2017 жылдың 1-і тоқсанында 204 адамға қатысты 153 қылмыстық іс келіп түскен, дәл осы уақытта алдыңғы жылмен салыстырғанда қылмыстық істердің саны 57,7 %   өскені байқалады.

Сот салық бойынша қарызды өндірді

11/04/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында талапкер Астана қаласы Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының  аз.Н-ға қатысты жеке тұлғалардың мүлігі бойынша салық қарызын өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

 Сотта анықталғандай, жауапкердің атында Есіл ауданында орналасқан жылжымайтын мүлік тіркелген, соған сәйкес ҚР Салық Кодексінің 403, 405 баптарына сәйкес аз.Н. жеке тұлғалардың мүлігі бойынша салық төлеуші болып табылады.

Экономикалық сотта семинар сабағы өткізілді

11/04/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кеңсе меңгерушісі А.Донской сот мамандарына семинар сабағын өткізді.

Жұмыс барысында А.Донской  сотқа электрондық құжаттарды беру тәртібі туралы ережеге сәйкес «Сот кабинеті» сервисіне заңды тұлғалардың (жеке тұлғалар) өкілдері сервисте орналастырылған электронды нысандардарды толтыру арқылы сотқа электронды құжаттарды тапсыруға құқылы екендігін атап өтті. Ол үшін аталған тұлғалар «Сот кабинеті» сервисіне тіркелуі қажет.

Алматы аудандық сотында мемлекеттік тілді қолданудың маңыздылығын талқылады

11/04/2017

Астана қаласы Алматы аудандық сотында сот төрағасы мен судьялардың, кеңсе меңгерушісі және сот мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік тіл туралы» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.

Сот төрағасы Ғ.Нәсірдінов өз сөзінде мемлекеттік тілдің қолданылуы және оның құқықтық мемлекетте дамуының маңыздылығын тілге тиек етті.

Дәріс сабағының соңында Ғ.Нәсірдінов мемлекеттік тілді жүзеге асыру сапасын жақсарту – бұл біздің Республикамыздағы ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы екенін атап өтті.