Архив событий

13/04/2017

Судья тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша өткен жиналысқа қатысты

13/04/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ұ.Қанқұлов Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппаратында аудандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жұмыс мәселелері бойынша өткізілген жиналысқа қатысты.

Кездесуге аудан тұрғындары, қызмет көрсетуші ұйымдар және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Судья өз баяндамасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы халықты өмірлік маңызды қызметтермен қамтамасыз ететін, экономиканың негізгі салаларының бірі болып табылатындығын айтты.

Медиация – татулыққа бастар жол

13/04/2017

2016 жылы 16 шілдеде сотталушы С., азамат И.-дің автокөлігінің кілтін иемденіп, жымқыру мақсатынсыз айдап кеткен.

 Жәбірленуші И.-ге материалдық және моральдық зиянның орны сотталушымен өндірілді, соған сәйкес соңғысы медиация тәртібімен татуласқан.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен  медиация тәртібімен жақтардың татуласуына байланысты іс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сот кінәлі жүргізушіден материалдық залалды өндірді

13/04/2017

2016 жылы 25 қазанда азамат М. «Toyota» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, азамат И-дің басқаруындағы «Lada» маркалы автокөлігімен соқтығысып, автокөлік иесі «Б» АҚ-ға материалдық залал келтірген.

 Астана қаласы Есіл аудандық сотына «Б» АҚ азамат М.-дан өзіне келтірілген материалдық залалды өндіріп алу мақсатында талап арызбен шағымданған.

 Қауіп көздерінің өзара іс-қимылы нәтижесінде туған зиян, тараптармен өтеледі, ал бір жақтан келтірілген зиян, толық көлемде сол жақтан өндіріледі.

Сот жеткізілім шарты бойынша берешек сомасын өндірді

13/04/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына азамат О. «Т» ЖШС-на қатысты берешек сомасын өндіріп алу туралы талап арызбен  жүгінген.

Тараптар арасында жеткізілім шарты жасалынған, оның талаптары бойынша сатушы ламинатты жеткізуге, ал сатып алушы қабылдауға және  құнын уақытылы  төлеуге міндеттенген.

Іс материалдарында анықталғандай, талапкер жауапкерге тауар үшін алдын ала төлем жасаған, алайда соңғысы келісім шарт  міндеттемесін орындамаған.

«Мясомолрыбпромторг» ААҚ банкрот деп танылды

13/04/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астана қаласының Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің «Мясомолрыбпромторг» ААҚ-ын банкрот деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Негізгі қызметі жалға алу және жеке мүлкін басқару болып табылған.

Сотта борышкердің несиелік қарызының жалпы сомасы 15 млн. аса теңгені құрайтындығы анықталды.