Архив событий

25/04/2017

Сот отырысы бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілді

25/04/2017

 

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Г.-ның «А» АҚ-ға қатысты  жиналыс хаттамаларын, есептерін жарамсыз деп тану туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

 Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік Кодексінің 186-бабының 3-тармағына сәйкес сот іске қатысатын басқа да тұлғалар тараптарының түсініктемелерін, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауды бейнеконференцбайланыс арқылы жүзеге асыра алады.

Әуерейс жолаушысы суық қару сақтаған

25/04/2017

2017 жылдың қаңтар айында азамат Т. «Астана-Ақтау» бағытындағы ұшақ рейсіне тіркелуге келген, Астана қаласының  халықаралық әуежайында арнайы тексеріс барысында шекара күзет қызметкерлерімен жолаушының сөмкесінен «кастет» темір заты табылған.

Сотталушы кінәсін толық мойындап,  «кастет» пен арнайы пышақты 2015 жылы желтоқсан айында Тайланд елінде сатып алғанын және ол заттардың суық қару қатарына жататынын білмегенін айтқан.

Күзетші «Марвин» дүкенінде ұрлық жасады

25/04/2017

2017 жылдың ақпан айында «Марвин» дүкенінің күзетшісі кезекті күзетке түсу барысында сөреден «Sony Play Station 4» жасырын түрде ұрлап, дүкен иесіне 154 900 теңге материалдық шығын келтірген.

Сот талқылауы барысында сотталушы мен жәбірленушінің арасында зиянның орнын толық толтыруына байланысты, медиациялық келісім жасалды.

Осыған орай, Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының 09 наурыз 2017 жылғы қаулысы негізінде С.-ға қатысты қылмыстық іс медиациялық тәртіппен татуласуына байланысты қысқартылды.

Дау медиация тәртібімен реттелді

25/04/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «S» ЖШС-нің «Х» ЖШС-нен 4 млн теңге көлемінде қарыз сомасын өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы кезінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішпен жүгінді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алады.

Астана қалалық сотының төрағасы интернет-конференция өткізеді

25/04/2017

2017 жылғы 28 сәуір айында сағат 10.00 мен 17.00 аралығында қала азаматтары үшін сот жүйесі қызметінің ашықтығы, қолжетімділігі және айқындылығы қағидасын қамтамасыз ету мақсатында Астана қалалық сотының төрағасы Т.Бәрпібаев интернет-конференция өткізеді.

Конференция барысында мынадай мәселелер қарастырылатын болады:

Сот пайдаланған электр қуаты үшін берешекті өндірді

25/04/2017

2013 жылы «Астанаэнергосбыт» ЖШС және аз.И арасында тұрмыстық тұтыну үшін қуат көзімен қамтамасыз ету шарты жасалған.

Шарт талаптарына сәйкес талапкер жауапкерге электр энергиясын тасымалдап отырған, алайда соңғысы пайдаланған электр энергиясы үшін  төлем бойынша міндеттемесін орындамаған.

ҚР АК 272 бабына сәйкес, мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс