Архив событий

12/04/2017

Елордалық такси қызметі жол-көлік оқиғасы нәтижесінде келтірілген залал сомасын өтейді

12/04/2017

2016 жылдың 10 қыркүйегінде «Hyundai» маркалы және елордалық такси қызметіне тиесілі «Renault» маркалы қызметтік автокөлігі арасында жол-көлік оқиғасы орын алды.

«Renault» маркалы автокөлігінің жүргізушісі қиылыстан тыс жерде солға бұрылған кезде қарсы бағыттағы көлікке жол бермеген, соның нәтижесінде көліктер соқтығысқан.

Пәтер ұрысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды

12/04/2017

Сотталушы С. елордалық пәтердің бірінде, өзінің іс-әрекеттеріне ешкімнің қарап тұрмағанын алдын ала біліп, жәбірленуші К.-ге тиесілі ақшалай қаражатты және мүлкін ұрлаған.

Сотталушы ұрланған мүлікті өз қалауы бойынша иемденіп, жәбірленуші К.-ге аса ірі мөлшерде 1 925 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен сотталушы С. кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 тармағымен шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2017 жылдың 1-ші тоқсанында жасалған жұмыстарды қорытындылады

12/04/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында 2017 жылдың 1-ші тоқсанындағы сот төрелігін жүзеге асыруды 2016 жылмен салыстыра отырып қорытындылау жиналысы өткізілді.

Жұмыс барысына Астана қалалық сотының судьясы К.Т.Айткалиева, сот төрағасы  және судьялар қатысты.

Сот төрағасы У.Г.Рахматуллаев әкімшілік істер бойынша ағымдағы жылдың 1 –ші тоқсанында сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын арттыруда жасалған жұмыстар жөнінде айтып өтті.

Сот электр қызметі үшін қарызды өндірді

12/04/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің «Х» ЖШС-нен қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, жауапкермен электр қызметіне төлем жасау міндеттері бұзылған, соның нәтижесінде талапкер алдында қарыз жиналған.

Жауапкер электр қызметі үшін төлем жасау міндетінен жалтарған.

Сот шешімімен «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің жауапкерден қарыз сомасын өндіру талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Азаматтық істер бойынша сот сараптамасын тағайындау мәселелері талқыланды

12/04/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында сот төрағасы мен судьялар, Орталық сот сараптама институтының зертхана меңгерушісі, бас және жетекші сарапшылардың қатысуымен азаматтық істер бойынша сот сараптамасын тағайындау сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

 Жұмыс барысында қатысушылар арнайы, экономикалық, құрылыстық зерттеулер және тұрғын-үйді су басу сұрақтары бойынша сот сараптамасын тағайындау мәселелерін ауқымды талқылады.

Пилоттық жобаны іске асыру

12/04/2017

 

Астана қаласы Есіл аудандық сотында сот судьялары, судьялыққа үміткер, «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ медиаторлары мен Астана қалалық адвокаттар алқасы адвокаттарының қатысуымен «Тұрғын үйден шығару туралы дауларды медиация тәртібімен реттеудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның модераторы ретінде судья С.К. Нурабай сөз сөйледі.

«Тұрғын үйден шығару туралы даулар-міндетті  медиация арқылы шешуді қажет ететін даулар санатына жатады»,- деді С.К.Нурабай.

Талапкер борышкерден зиян сомасын өндіріп алды

12/04/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында аз.С-ның  «Ш» ЖШС-нан зиян сомасын өндіріп алу бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында анықталғандай, компания директоры атынан талапкерден 40 тонналық контейнер сатып алған.

 Жауапкер көрсетілген мерзім ішінде қарызды өтеуге міндеттелген, алайда келісім бойынша міндетті орындамаған.

  Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнің 272 бабына сәйкес, мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуы керек.

Алматы аудандық соты жауапкерден қарыз сомасын өңдірді

12/04/2017

Астана қаласы Алматы аудандық сотында «А» ЖШС-нің азамат Н.-ға қатысты қарызды өндіріп алу бойынша азаматтық іс қаралды.

2016 жылы 25 қаңтарда тараптар арасында өнім жеткізу бойынша келісім шарт жасалған, соған сәйкес талапкер өнімді жеткізуге, ал жауапкер 7 күн ішінде өнімнің сомасын төлеуге міндеттенген.

Сотта анықталғандай, жауапкер алған өнімі үшін ақы төлемеген.

Сот шешімімен азамат Н.-дан «А» ЖШС-ның пайдасына 384 970 теңге көлемінде қарыз сомасы өндірілді.