Архив событий

27/04/2017

Әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша семинар-кеңес

27/04/2017

Астана қаласының Ішкі істер департаментінде, мерзімі өтіп кеткеннен кейін немесе процесс барысындағы құқық бұзушылықтар жөніндегі материалдарды сотқа жіберу және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша  хаттаманы толтыру тәртібі секілді мәселелерді талқылау бойынша семинар-кеңесі өтті.

Сот берешек сомасын өндірді

27/04/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Нұрбанк» АҚ-ның «Промышленная группа Родина» ЖШС-на қатысты 37 млн.теңге берешек сомасын өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Тараптар арасында несие желісін ашу туралы келісім жасалған. Жасалған келісімге сәйкес жауапкерге жаңартылатын несие желісі ұсынылған, сонымен бірге жасалған келісім аясында қарыз алушыға транш берілген.

Алайда келісім шартқа сай ЖШС өз міндеттерін орындамаған.

Сотта Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерді талқылады

27/04/2017

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты сот судьяларының және «Еуропалық құқық және  адам құқығы институты» жеке қордың басшысы М.С.Башимовтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

27/04/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот мамандары үшін «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі А.Донской айтып өткендей Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметші қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтай отырып, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, сонымен бірге іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.

  

Қоғамдық орындарды ластағаны үшін жауаптылық

27/04/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы К.С.Иманалиев «Есіл» ауданының ІІДБ-ның полиция учаскелік бекетінде көшпелі сот отырысын өткізді.

Көшпелі сот отырысы барысында  ұсақ бұзақылық үшін 11 әкімшілік  іс қаралды. Оның ішінде 8-і айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылса, 3  материал бойынша қамауға алу арқылы әкімшілік жаза қолданылды.

Әкімшілік сотта жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен кездесу өткізілді

27/04/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында судья Қ.С.Иманалиевтың және Астана қаласының Есіл аудандық Жергілікті полиция басқармасы полиция қызметкерлерінің  қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Іс барысында судья дөңгелек үстел қатысушыларын ақпарттық «Сот кабинеті» мүмкіндіктерімен таныстырды, сондай-ақ, әкімшілік істерді электрондық нысанда жіберудің артықшылықтарын түсіндірді.

Сауна әкімшісі сотталды

27/04/2017

Ағымдағы жылдың 13 наурызында елордалық сауналардың бірінің әкімшісі қылмыстық ниетін жүзеге асырып, өз пайдакүнемдік мақсатында жеңгетайлық жолмен 5000 теңге көлемінде сыйақы алған.

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен  сотталушы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 309 бабының 1 тармағымен шартты түрде 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.